• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2017

СҚО-да төрт елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

175 рет
көрсетілді

Қызылжар ауданында көл арнасынан асып кеткен.
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы көлдегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4 елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлайды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері, ҚР ІІМ ТЖК медицина орталығының психологтары бастаған топтың күшімен су басу қаупі бар Большая Малышка, Барневка, Ольшанка, Долматово елді мекендеріндегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.