• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Шежірелі Шеңгелдідегі мұрағат сыры...

623 рет
көрсетілді

Қапшағай қаласынан 40 шақырым жерде ор­наласқан Шеңгелді ауы­лынан тарихи жәдігерлер  табылды. Ұлы Жібек жолының бір тармағы Шеңгелді екендігін көне тарих дәлелдей түсті. Бір кездері осы мекенді зерттеген  ғалым Карл Байбақов «бұл жерде тарихтағы  жоғалған жылдарға жамау боларлық құнды деректер жоқ» деп жазып кетіпті. Алайда, Жалайыр атындағы орта мектепте мамандығы тарихшы, өз жерінің патриоты Ақылбек Исабаев бұл пікірді теріске шығарды. Оған жақында Шеңгелдідегі  Айымбетов көшесінің шетінен ауласына су кіргізіп, жер қазып жатқан ауыл тұрғындарының қыштан жасалған құмыра мен су жүйесіне қажетті қыш құбыр сынықтарын тауып алуы дәлел. Мектеп тарихшысы құнды деректер осындай жәдігерлерден басталатындығын, зерттеу жүргізілсе деген ойын айтады. Табылған мұрағаттар 10-12 ғасырдың еншісіндегі дүниелер деген болжам айтылуда. Бір анығы талай ғасырды артқа тастаған шежірелі Шеңгелді өңірі талай тылсым сырды бойына жасырып жатқандығы.