• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Әуезов талантына тағзым

506 рет
көрсетілді

Биылғы жылы Семейдегі ғана емес, бүкіл еліміз бой­ынша ең байырғы білім ошақтарының бірі де бірегейі М.Әуезов атындағы педагогика колледжінің құры­лып, жұмыс істей баста­ға­нына 110 жыл толады. Ал­ғашқыда педтехникум бо­лып ашылған бұл оқу ор­нын­да заманында Мұхаң­ның үзеңгілес достары Жү­сіпбек Аймауытов пен Әлкей Марғұлан, одан бергіде Шәкен Айманов пен Әзілхан Нұршайықов, кешегі кеңес заманында рес­пуб­ликамыздың Ішкі істер және Оқу министрлері болған Қа­былбек Шырақбаев пен Әбдіхамит Сембаев  сынды және басқа көптеген көр­нек­ті тұлғалар оқып, білім алған. Міне, сол байырғы оқу орнының  заманымыздың заң­ғар жазушысы Мұхтар Әуезов есімімен аталғанына біраз жыл болып қалды. Киелі оқу орнын бүгінде филология ғылымдарының кан­дидаты Шаған Жанаева біліктілікпен басқарып келеді десек, жуырда колледждің алдағы мерейтойына орай «Әуезов талантына тағзым» деген атпен игі іс-шара өтті. Қалалық мәдениет сарайын­да өткен бұл ауқымды жи­ын­ға Астанадан Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті жанындағы Отырар кітапханасының директоры, әуезовтанушы ғалым-жазу­шы Тұрсын Жұртбай ар­найы шақырылды. Педколледж оқушылары ғалым-жа­зушының Әуезов мұра­сын зерттеудегі зор еңбегін ашып көрсете білсе, Тұр­сын мырза әуезовтану, алаш­тану тақырыбына қалай келгенін ерекше толға­ныс­пен  баяндап берді. Әсерлі жиын соңында Тұр­сын Жұртбай педкол­ледж­дің енді ғана шыға­рыл­ған Әуе­зов төсбел­гі­сімен марапатталды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.