• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Парақорлыққа тосқауыл жолдары

443 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметкер­лер­дің пара алуы қыл­мыс­тық әрекеттердің бірі болып есептелінеді. Сонымен қа­тар, сөз реті келгенде айта кететін тағы бір жәйт, азаматтар тарапынан лауа­зым­ды тұлғаларға пара беру заңсыздық болып табылады. Бір есептен «параның» мемлекеттік қызметкерді өз пай­дасына пайдалану үшін қолданылатыны бүгінде айт­паса да түсінікті. Егер бұл жағдай коммерциялық құрылымдағы қызметкерге бағытталса, онда ол «ком­мерциялық сатып алу» деп аталады. Жасыратыны жоқ, көпшілік арасында «пара» негізінен бір бума ақша түрінде қабылданатындығы сөзсіз. Дегенмен, оның тек ақша түрінде ғана емес, бағалы сыйлық ретінде де ұсынылатын кездері аз емес. Дегенмен, лауазымды тұл­ғаларға белгілі бір заң­сыз­дыққа барып, жасаған кө­мегі үшін берілетін па­ра­ның қай-қайсысы болмасын заң талабын бұзу, яғни жа­заға тартылуы қажет әрекет болып табылатынын естен шығармау қажет. Сондық­тан да, парақорлық өте қауіпті лауазымдық қылмыс болып саналады. Анығырақ айтқанда, параның екі түрін анықтап алу қажет сияқты. Оның бірі пара арқылы – лауазымды тұлғаның көме­гін сатып алу болса, екіншісі алғыс ретінде қолданы­ла­тындығы да жасырын емес. Ашығын айтқанда, қау­іп­ті лауазымдық қылмыс ретінде парақорлықпен кү­ре­с­ті және оның алдын алу жолдарын одан әрі жетілдіре түсу қажет. Сонымен қа­тар, мұның өзі бүгінгі таң­дағы ең басты әрі ең өзекті міндет. Қынжыларлығы, мұн­дай, келеңсіз көрініс күнделікті тіршілікте жиі кездесуде. Әртүрлі салада басшылық қызмет атқара­тын жоғары лауазым иелері арасында мұндай қылмыс­тық әрекеттерге баратындар саны уақыт өткен сайын азаяр емес. Бір құптарлығы, соңғы уақытта елімізде сы­байлас жемқорлықпен, па­ра­қорлықпен күрес қар­қы­ны арта түсуде. Жем­қор­лықпен күрес бағытындағы ең ықпалды жолдардың бірі – азаматтардың ақпаратпен, заңнама талаптарымен то­лықтай қамтамасыз етілуі екендігі сөзсіз. Заңды құқығы мен заңды міндеттерін жетік білетін азаматтар ешқашан олқылыққа жол бермейді. Әділ АДАМБАЕВ, Қарасай аудандық ХҚО қызметкері. Алматы облысы.