Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Жас ғалым-2011» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан жас ғалымдар қатысты. Конференцияда сөз алған оқу орнының ректоры Ғалымжан Нұрышев білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ұзақ уақыттан бері талқыға салынып келе жатқан «Ғылым туралы» Заң қабылданғанын, соған сәйкес жас ғалымдардың ізденуіне мүмкіндіктер молая түскенін айрықша атап өтті. Ал облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ахат Мырзалин жуырда құрылған жас ғалымдар кеңесінің жұмысына тоқталды.
Конференцияда облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың грантына ие болған жас ғалымдар өз ойларын ортаға салды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.