• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Несие ұлттық валютамен алынбақ

363 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова және Азия даму банкінің вице-президенті Шаою Жаоның қа­ты­суымен   шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақ­сатында елі­мізге қаржы бөлу туралы шекті келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов қатыс­ты. Келісім бойынша Қазақстанның ша­ғын және орта бизнес секторын дамытуға 500 млн. АҚШ доллары сомасында қарыз берілмек. Экономикалық даму және сауда министрлігі 2010 жыл­дың көктемінен бері елдегі шағын және орта бизнесті қол­дау мақсатымен Азия даму банкі қаражатын тарту бой­ынша тұрақты жұмыс жүр­гізіп келеді. Ал бұл келісім өз сипаты бойынша Қазақстан экономикасын әртараптан­ды­ру және дамуы арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға ық­пал жасайтын ШОБ-ты қолдау жөніндегі инвестициялық бағ­дарламаны қаржыландырудың көп траншты тетігі болып отыр. Тартылып отырған қара­жат Азия даму банкі та­рихында ШОБ секторын да­мы­туға берген ең үлкен қарыз көрінеді. Сондай-ақ бұл қар­жы халықаралық қаржы инс­титуттарының қарыз алушы елдің ұлттық валютасында беріп отырған бірінші қарызы екендігін айта кеткен ләзім. Инвестициялық бағдарламаға сай, «Даму» қоры Азия даму банкі бөлген қаржыны бірнеше кезекпен алады. Көлемі 150 млн.АҚШ доллары болатын несиенің алғашқы траншын мамыр айы­ның соңына дейін алу жоспарлануда. Ал қалған қаржы алғашқы қаржыны игеруге байланысты тартыла бермек. Орта мерзімді қарыз теңгенің белгіленген ба­ғамы бойынша мемлекеттік кепілдеме арқылы беріліп, одан әрі бағдарламаға қатысушы қазақ­стандық банктерге беріледі. Бұл үшін АДБ өз тарапынан инвес­тициялық зерттеу жүргізіп, жоба бойынша әріптес банктер таңдап алды. Олардың қатарында «Қаз­коммерцбанк» АҚ, «Центркредит банк» АҚ және «Альянс банк» АҚ бар. Азия даму банкі ұс­танған саясатына сәйкес ШОБ-қа арналған несиені нарық талап­тарына сай береді. Ал қазіргі уа­қытта нарықта ШОБ-ты несиелеу үшін жылдық пай­ыздық мөл­шер­леме 14%-ды құрап отыр. Жоба бойынша соңғы қарыз алушылар үшін де пайыздық мөлшерлеме дең­гейі осылай қала береді деп күтілуде. Қа­рыз ұлттық валютада берілетін болғандықтан қазақстандық әріптес банктер және соңғы қарыз алушы­лар­дың бағдар­ла­ма бойынша ва­лю­талық және пайыздық тәуе­келдерінің тө­мендеуіне мүм­кіндік бар. Бұл қаражат есебінен ШОБ-ты несиелеу еліміз­дің барлық аймақ­тарында жү­зеге асырылады. Сондай-ақ қарыздың 40%-дан кем емес бөлігі Алматы және Астана қалаларынан тыс жерлерде орналастырылады. «Даму» қорының басшысы Ләззат Ибрагимова журналистермен әңгіме барысында шекті келісім мәнінің тарихи­лы­ғын жеткізді. Мемлекет кепілдемесі арқылы алынатын заем ШОБ  дамуына жұмсалады. Сондай-ақ ең бастысы, бұл заемның ШОБ субъектілеріне теңгемен берілетіндігі. Бұл бизнесмен үшін ең алдымен валюталық тәуекелділіктің тө­мендігі, деді ол. Қор басшысы осы айдың соңына дейін займ туралы келісімге қол қойылып, сонымен қатар, оның пайыз­дық ставкасы белгілі болатын­дығын жеткізді. Венера ТҮГЕЛБАЙ.