• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Ұлы жеңіс ұлағаты

413 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың 8 ма­мы­рында Ташкенттегі Қазақ ұлт­тық орталығымен бірлесе отырып, осында тұратын қан­дастарымыздың арасынан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге Қазақстан елшілігінде құрмет көрсетілді. Қабылдауда Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексенбин сөз сөйлеп, соғыс ардагерлері мен тыл ең­бек­керлерінің жанқиярлық ерліктері мен еңбектері бүгінгі ұр­паққа әрдайым үлгі болаты­нын атап өтті. Қабылдауда сөй­леген ардагерлер екі мемле­кет­тің арасындағы туыстық қаты­нас­тардың тереңдей түсуіне тілектестік білдірді. Келген арда­гер­лердің бәрі де Қазақстан елшілігі тарапынан сый-сияпаттарға ие болды. Осы күні Ташкенттің Орта­лық мәдениет сарайында Жеңіс күні мен Қазақстан және Өзбек­стан мемлекеттері Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халық­ара­лық ақындар айтысы өткі­зіл­ді. Оған Қазақстан мен Өзбекстан ғана емес, Моңғолиядан келген ақындар да қатысты. Ашылу сал­танатында сөйлеген сөзінде Б.Жексенбин мәдени шара Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылы Ташкентке жасаған сапарында қол жеткізілген екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамы­ту бағдарламасы аясында өтіп отырғанын атап өтті. Айтыста бас жүлдені тараздық ақын Ай­нұр Тұрсынбаева жеңіп алып, автокөліктің кілтін иеленді. Ал Ұлы Жеңістің 66 жылдығы күні Қазақстан елшілігінің ұйым­дастыруымен «Мустакиллик» ала­ңында орналасқан Қайғылы ана ескерткіші мен Мәңгілік алау­ға және Ташкенттегі бау­ыр­ластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Бұл шараға Өз­бекстан Республикасында тіркелген 40-қа жуық халық­ара­лық ұйымдар мен дипло­ма­тия­лық өкілдер басшылары қа­тысты. Сол күні Қазақстан елшілігінде Б.Жексенбиннің аты­н­ан қабылдау болды. Онда Қа­зақ­станның Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңіске қосқан үлкен үлесі туралы ақпарат берілді. Шараға Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Б.Исламов және басқалар қатысты. «Егемен-ақпарат».