• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Таланттар танылды

473 рет
көрсетілді

«Ана тілі», «Экономика», «Уй­ғур авази» газеттері мен «Ақи­қат», «Мысль», «Үркер» журнал­дары бар «Қазақ газеттері» ЖШС бас­шылығы, сондай-ақ «Үркер» жур­налының ұжымы өткен жылы «Үркер – Үміт» бәйгесін жария­лаған еді. Жақында сол бәйгенің қорытындысы шығарылды. Бір жыл ішінде журнал редак­циясына 50-ге жуық үміткердің туындылары түскен екен. Қа­зылар алқасының тиянақты са­рап­тауынан кейін проза жанры бойынша бірінші орынға – аста­налық Эльмира Ерікқызы, екінші жүлдеге талдықорғандық Асхат Өмірбай ие болса, үшінші орын маңғыстаулық Аллаберген Қонар­байдың еншісіне тиіпті. Ал поэ­зия жанры бойынша бірінші жүл­дені – астаналық Динара Мәлік, екінші орынды – атыраулық Гүл­мира Сүйекенова, үшінші орынды – алматылық Ерғали Бақаш қан­жығасына байлапты. Сол секілді екі жанр бойынша ынталандыру сыйлықтарын Нәрлібек Қанағатов пен алматылық Қайырбек Шағыр алған екен. Жүлде алған шығармалар «Үр­кер» журналында жарияла­нуымен қатар, «Заңғар» шығар­машылық бірлестігінің қолдауы­мен жеке кітап болып жарық көретінін де назарға сала кетсек дейміз. Жеңімпаздарға диплом мен заттай сыйлықтарды «Қазақ газеттері» ЖШС-ның бас ди­рек­торы Жұмабек Кенжалин, «Үр­­кер» журналының бас редак­торы Қуандық Түменбай, өзге де азаматтар ыстық ықыласпен тап­сырып, шығармашылық табыс тіледі. Сүлеймен МӘМЕТ.