• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Білім жарысы

985 рет
көрсетілді

Әдетте, мектеп оқушы­лары­ның  республикалық олим­пиа­дасы бес сатыдан тұрады. Төрт мыңнан астам жеткіншектің арасынан іріктелген 600 оқушы олимпиаданың Қостанайда өт­кен қорытынды сатысына ша­қы­рылды. Оның арасында  елуге тарта оқушы Қостанай  өңірі­нен қатысты. Олимпиаданың  ашылу салтанатында дарынды оқушыларды облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтады. Осы арада бір айта кететін жайт, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қамту  жөнінен  елімізде Қостанай облысының ал­дына  әлі ешкім түскен жоқ. Со­нымен қатар, мектептер мен балабақшалардың 80 пайызына жөндеу жұмысы жүргізілді.  Осы оқу жылының басынан бастап  облыс өңірінде «Дарын» ин­теллектуалдық марафоны бас­тау алған болатын, оның  жақсы нәтижесі де бар. Мектеп оқушыларының олим­­пиадасынан тамаша ғалымдар, дарынды адамдар өсіп шықты. Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, бүгінде Бостон университетінде білімін жалғас­тырып жатқан  Рудный мекте­бі­нің түлегі Тимур Жиентаев 2004 жылы  мектеп оқушылары рес­пуб­ли­калық олимпиа­да­сы­ның жеңімпазы атанған еді. Тимур олимпиада басталар ал­дында  оған қатысушылармен скайп арқылы тілдесті. Әрине, мұндай  үлгі  талаптың тұл­па­рын мінген балаларға қанат бітірері даусыз. Облыс әкімі Сергей Кулагин айтқандай, олимпиаданың соң­ғы сатысына жетудің өзі  оған қатысып отырған әр оқушының жеңісі деп есептеуге болады. Дегенмен бәйгенің аты – бәйге, шапқанда жүйріктен жүйрік оза­ды. Республикалық мектеп оқушылары олимпиадасындағы командалық есепте   Астана қа­ла­сынан келген балалар бірінші орынды жеңіп алды. Ал қос­танайлық оқушылар жинаған ұпай саны оларды екінші орын­ға көтерді. Үшінші орынды Пав­лодардан келген оқушылар еншіледі. Оның сыртында әр пән бойынша білім тереңдігін көрсеткен оқушылар жеке ма­рапатталды. Олардың саны  үш жүзге жетіп жығылады. Қостанайлық балалар олимпиададан 20 медаль  алды. Олар орыс тілі мен әдебиетінен,  орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әде­биетінен, қазақ тілі мен әдебиет­тен, биологиядан, физикадан, информатикадан, тарихтан үздік білім деңгейін көр­сетті. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.