• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2011

Жастар намысын жаныған жарыс

571 рет
көрсетілді

Үш күнге созылған Қа­зақстан Республикасының ең­бек сіңірген спорт шебері, бокстан әлем чемпионы  Галиб Жа­фаровтың жүлдесіне арнал­ған жасөспірімдер арасын­дағы екін­ші халықаралық турнир мәре­сіне жетті. Жарыстың өтуіне  мұрындық  болған облыстық спорт, дене тәрбиесі және туризм басқармасы  мен облыстық бокс федерациясы  спортшыларға барлық жағдай туғызды. Турнирге «Емшан» және «ТрансМост Групп»  сынды белді компаниялар демеушілік жасады.  Бұл турнирге Қазақстанның бокстан жасөспірімдер  құрама ко­мандасының мүшелері, еліміздің көптеген облыстарынан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстан­нан командалар қатысты. Бар­лы­ғы 115 жасөспірім былғары қол­ғап шебері Ақтөбе рингіне шы­ғып, күш сынасты. Он төрт сал­мақ дәрежелері бойынша айқас­қан боксшылар алдыңғы толқын ағалар көшіне ілесуге деген та­лаптары мен құштарлықтарын  ба­рынша көрсетіп қалуға ты­рысты. Финалдық кездесулердің шы­мыл­дығын ашқан 44 кило сал­мақтағы ақтөбелік Әлібек Есенжол мен астаналық Нұржан Сү­лейменов арасындағы жекпе-жекте жерлесіміздің шоқтығы биік болды.  46 кило салмақ дәреже­сін­де қызылордалық Нұрсұлтан Жорғабаевтың жарақат алуына байланысты Қазақстан құрама командасының мүшесі Мейрамбек Құлтөре бәйгені шаппай ал­ды. Қалған салмақ  дәреже­лерін­де ақтөбелік Аслан Қойбағар (48 кг), алматылық Константин Брусенский (50 кг), Қазақстан құрама ко­мандасының мүшесі Бекнұр Ожанов (52 кг), Айдархан Ноқанов (54 кг),  ресейлік Юрий Дорохин (57 кг), Қазақстан құрама ко­мандасының мүшесі Мақсат Базарбаев (60 кг), Данияр Болатжанов (63 кг), ШҚО, Қазақстан құ­рама командасының мүшелері Әділ­бек Жақанов (66 кг), Абай Төлеш (70 кг), ақтөбелік Темірлан Баймұхамбетов (75 кг), Руслан Сағат (80 кг), БҚО, маңғыстаулық Давид Пырхиев (8 0 килодан жоғары) осы халықаралық тур­нир­дің жеңімпаздары болды.  Жа­рыс жеңімпаздары мен жүлде­гер­леріне дипломдар мен бағалы сый­лықтар тапсырылды.  Бұл турнир­дің бір ерекшелігі – оған сыйлы қонақ ретінде  кезінде олимпиа­да­лық ойындарда,  әлем және Азия бі­рін­шіліктерімен ха­лық­аралық жа­рыстарда Қазақ­стан қоржынына ол­жа салған есімдері елімізге белгілі былғары қолғап шеберлерінің көп­теп қатысуы дер едік. Атақ-даң­қынан ат үркетін ағаларының ал­дында намысты қолдан бермеуге тырысқан жасөс­пірім боксшылар арасындағы жекпе-жектердің тар­тысты өтуі де сондықтан.  Финал­дық кездесулер аяқталған бойда  турнирдің бас төрешісі, Қазақстан Респуб­ликасына еңбегі сіңген жаттық­тырушы Елеусіз Дүйсековті сөзге тартқанбыз. Ол турнирдің ұйым­­дастырылуы өте жоғары дең­гейде болғанын айта келіп, бұл жарыста ақтөбеліктер Әлібек Есенжол және Аслан Қойбағаров, құра­ма команда мүшесі Әділет Орын­басаров  сынды болашағынан үміт күтті­ретін жасөспірім боксшы­лар­дың көзге түскенін мәлімдеді. Осы турнирде жеңімпаз болғандардан алда өтетін бокстан жасөспі­рім­дер арасындағы әлем чемпио­на­тына қатысатын  еліміздің құрама коман­дасының мүшелері іріктелетінін де жасырмады. – Біз Өзбекстанның Шыршық қа­ласынан  бес боксшы әкел­ген­біз, екеуі екінші орын алды.  Турнирге қазылық  еткен төреші Медет Шалабаев  та, өзім де жарыс­тың осынша­лықты әдемі ұйым­дастырылғанына тәнті болдым дейді. Жатар орын, тамақ және мәдени шаралар жө­нін­де кемдігі жоқ, – деді  өзбекстандық жат­тықтыру­шы Самат Ілиясов бізбен әңгіме­сінде ризашылығын жасыра алмай. Бокстан әлем чем­пио­ны Галиб Жафаровтың бапкері, Қазақстан Рес­публикасына ең­бегі сіңген жат­тықтырушы Әлімбек Бал­мағам­бетовтің айтуынша,  бұл турнир  дәс­­түрлі жарысқа айналады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.