• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2011

«Маңғыстау жұлдыздары» жарқырай көрінді

497 рет
көрсетілді

Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған өнер фестивалінде жас таланттар биік талап деңгейінен табыла білді Облыста қалыптасқан дәстүрге айна­лып, төртінші рет ұйымдастырылған «Маң­ғыстау жұлдыздары» атты өнер фестивалі екі апта бойы аймақтың аспанын ән мен күйге бөлеп, ойдағыдай аяқталды. Оған 2 мыңдай өнерпаз қатысып, 7 ата­лым бойынша өнер сайысына түсті. Ме­рекелі жылдағы өнер сайысының өзіндік ерекшеліктері фествальдің маңызын те­рең­дете түсті. Бұрынғы жылдардағы са­йыс­тарға қоса екі бөлімнен тұратын бағ­дар­ламаның екінші бөлімінде ел тәуел­сіз­дігіне арналған сахналық көріністер, му­зы­к­алық қойылым­дар және де ауыл-се­лодағы мәдени ошақ­тардың жұмыстары да назарда болды.   Бұл жылғы өнер фестивалінің тағы бір ерекшелігі мен маңыздылығы, ел ішіндегі талантты жастарды іздеп, тауып, оларды өнерсүйер халыққа кеңінен таныс­ты­руымыз болды – дейді облыстық мәдениет басқармасының бастығы Майра Ғұмарова. Өнерлі жастар үшін тағы бір тағы­лым­ды шаруа фестивальде өз өнерлерімен жар­қы­рай көрінген жастарға өнер жолын жалғас­тыруға жағдай жасалып, олардың біразы облыстың өнер колледжінде білім алуға ша­қырылыпты. Сондай-ақ, жоғары оқу орын­дарына баруға да ұсыныс жасап, қолдау көрсетілетіндігі айтылды. Фес­ти­вальді ұйым­дастырудағы тағы ұтымды тәсіл – бұ­рынғы жылдардағыдай оларды облыс орта­лығына жинап, асығып-апты­ғып өткізбей, әрбір ауылда, аудан, қалада өткізу өнердің тәрбиелік, тағылымдық мәнін тереңдетіп қана қоймай, облыс ор­талығына аяқтары же­те бермейтін ауыл жұртына көңілді сәттер сыйлау болғаны деуге болар. Тағы бір атап айтарлығы өнерпаздарға қажетті көмек пен қолдау кө­рсетуші өнеркәсіп орындары мен кәсіп­керлердің қатары да көбейе түскен. Осы­ның бәрі «Маңғыстау жұлдыздарының» жарқырай түсуіне игі ықпал еткені көрі­ніп-ақ тұр. Қазылар алқа­сының пікірінше, мерекелі жылдың өнер байқауындағы Маң­ғыстау ауданы өнер­паз­дарының «Тәуел­сіздігім – теңдігім», «Еркіндігім – елдігім», қарақиялықтардың «Тәуел­сіздік – тұғырым» әдеби-сазды қойы­лым­дары, Ақтау қаласы өнерпаздарының «Тәуел­сіз­дік мақтанышы» атты концерттік бағдар­ла­масы ел тәуелсіз­дігінің қадір-қа­сиетін, мән-маңызын аша түсіпті. Тәуелсіз­дігі­мізді әнге, жырға қосқан жеке өнер­паздар еңбегі оларды одан әрі то­лықтырып, тұл­ға­ландыра түскен. Бұл өнер фестивалі сонысымен ерекше есте қал­атын­дай сәтті өтті. Екі аптаға созылған ән-жыр мерекесі Ақтауда үлкен гала-концертпен аяқталып, көрермендер көңілінен шықты. Сол сал­та­натты кеште облыстық «Маңғыс­тау жұл­дыз­дары» өнер фестивалінің бас жүлдесі Маңғыстау ауданына тапсы­рыл­ды. Сон­дай-ақ «Нұр Отан» ХДП облыстық фи­лиалы тағайындаған бас жүлде Қарақия ауда­ны­ның өнерпаздарына берілді. Бірінші орын Түпқараған ауданына, облыс қа­ла­лары арасында бірінші орын Ақтау қаласы өнер­паздарына берілді. Жалпы, өнер фестиваліне қатысып, үздік өнер көрсеткен алпыстан астам жеке өнер­паз­дар мен отыздан астам өнер ұжым­дары ар­найы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.