• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2011

«БАЛАПАН» бағытынан таймаса

684 рет
көрсетілді

Бүгінгінің баласының басты ермегі көгілдір экран мен компьютер. Таңнан кешке дейін те­мір­жә­шікке  өзгенің өнегесін қы­зық­­тап отырады. Сол ұлт­­тық бол­мыс-біті­мімізді бала тү­сі­нігіне сай көрсе­те­тін қазақ тілді ба­лалар теле­арна­ның жоқтығы. Ел­ба­сы­ның өзі қоз­ғау салуынан қол­ға алынған, “Балапан” телеар­на­сы­ның ашылуы бар­ша қазақ­стан­дық­тар үшін өте қуа­ныш­ты сәт бол­ды. Ба­сылым­дар жа­рыса жа­зып, балақай­лар асы­ға күт­ті. Бұл “Балапан” теле­арнасы кө­рер­мені көп, жақсы бағ­дар­ламалар ұсына­тын телеарна бо­ла­ды. Соны­мен қатар, өзге ұлт өкіл­деріне, тіпті өз жеткіншектерімізге қазақ тілін үй­­ретуде, хал­қы­мыздың рухани дү­ние­лерін та­ныстыруда үл­кен рөл ат­қарады. Бүл­діршіннің бо­йына ұлт­тық құн­ды­лықтарды сі­ңі­­ріп өсуіне көп көмегін тигізеді деген үкілі үміт те басым бол­ғаны рас. Бағдарлама­лары үш жас­тан он жас­қа дейінгі жасөс­пі­рімдерге ар­нал­ған телеарна да өз жұмысына сол үмітті ақтасақ деген ниетпен кіріскені де оның әр хабарынан байқалып-ақ тұрды. Жас буынның ұлттық және мә­де­ни тұл­ғасын қалыптастыру, отан­ға деген сүйіспеншілік пен үл­­кендерге деген ізеттілікке үйре­ту мақсатын­да бірқа­тар бағдарла­ма­лар өмірге келді. Осы арада бір айта кететін жайт «Қазақ­стан» те­леарнасы сөй­тіп, 2010-2011 жыл­дарға “Ала­қай, Бала­қай!” (спорт­тық ойын-сауық бағ­дарламасы), “Ай­жұлдыз” (көп­ші­лік-таным­дық бағ­дар­лама­сы), “Кел, ойна­йық!” (та­ным­дық шоу бағдар­ла­масы), «Ше­берхана», “Әліппе” (оқу-та­ным­дық бағ­дар­ламалары), “Ән са­лайық!” (бар­лық отбасы үшін му­­зы­калық ойын-сауық шоу бағд­ар­ламасы), “Ғажа­йып­станға саяхат” (оқу-танымдық ани­мациялық се­риа­лы) секілді бір­қатар бағдарла­ма­ларды шығарса, жас көрерменге  бұ­рыннан танымал “Айгөлек” му­зыкалық шоу бағдар­ламасы, “Еркетай” оқу-танымдық жә­не “То­ла­ғай” отбасылық-спорт­тық шоуы да ба­ла­лардың ынтыға кү­тетін ха­бар­лары­на айналды. Со­нымен қа­тар, әлем­дегі балаларға ар­нал­ған ең үздік ани­мациялық фильм­дердің қазақ тіліне аударылуы да өте құптарлық жайт болды. Әрине, бұрыннан көрсетіліп келе жатса да бұл хабарлар, әсі­ре­се, «Айгөлек» пен «Еркетай» кө­рер­­ме­нін жалықтырып алған жоқ, қайта жеткіншектердің үл­кен-кі­ші­сі бірдей тамсана тама­ша­лай­тын бағдар­ламалардың біріне ай­нал­ды. «Ала­қай, балақай!» да кө­рерменін баурап әкетті.  Ба­ла­лар­ды шынық­ты­рып, бишілік өнерге бейімдейтін, жылдам­дық­қа баули­тын, көңілді әуенмен әр­ленген бұл бағдар­ла­ма­ның эсте­ти­калық тәр­биесі зор десек, «Әліп­пе» оқу-та­нымдық бағ­дар­ламасының бала­лар­ға үйретері көп қызықты та­қы­рыптарға құ­рыл­­ғаны да қуа­ныш­ты жайт. Әр­бір әріпке байланысты өлең-тақ­пақ­тар оқылып, мақал-мәтелдер жаттат­қы­зу, жолда жүру ережелерін тар­тымды етіп түсін­ді­ріп, қа­зақтың ұлттық салт-дәс­түр­лерін бүлдіршін ой-өрісіне ла­йық­ты тә­сіл­дермен түсіндіру бағдарл­а­ма­ның үлкен жетістігі деп айту­ға бо­лады. Ақын-жазушы­лардың жыл мезгілдеріне байланысты жа­зыл­ған шығарма­ларын наным­ды кө­ріністер арқылы бала көңі­ліне тоқи білу де, кішкен­тайларға әріп үйрете отырып, та­ны­мал та­лант­тары­мызбен таныс­тыру тәсілі де бағдарламаның шық­қан биігі­нің бірі. Ал «Ойлан да, тап» бағда­р­ламасы бүлдіршіндерді бүгінгі ғы­лым жаңалықтарының қыр-сы­рына үйретер, зерделіні жетелеп, таңғажайыптармен табыс­ты­рар та­нымдық дүние. Әрине, бір өкі­ніштісі балаларға арналған ұлт­тық туындыларымыздың азды­ғы. Бұл жерде де «Балапан» арнасы амал­­сыздан аудармаға тәуелді бо­лып отыр. Күн сайын көрсетілер «Вильгельм Тельдің жаңа хикая­ла­ры», «Түнгі баққа саяхат», т.б. мульт­хикаялар бұл сөзімізге дә­лел. Осы арада ата-ананың бала­мыз ұлттық телетуындыларды тамашалап, жүзе­ге толық аспай, сүйікті кейіпкерлерімен қауы­ша­ды деген үмі­ті әзір отырғанын да айта кеткен жөн. Ендеше, бала санасына ата-баба қастерлейтін имандылықты ұйыту, ұлтымызға тән, халқы­мыз­дың қа­ны­на біткен әдет-ғұрып­тар­ды үйре­туді де алдағы уақытта осы бағ­дарлама арқылы қолға ал­сақ, нұр үстіне нұр демекпін.  Иә, өзге елдің «Банкті тонау» секілді хикаясын қызықта­ған­ша, халқы­мыз­дың Жиренше шешен, Алдар- көсе, Ертөс­тік сияқты аңыз-әп­са­налар мен бауыр­мал­дық­қа, ба­тыл­дыққа, ел қорғар ерлікке үндей­тін «Батырлар жыры­ның» кейіпкерлерімен экран арқы­лы жүздесіп жат­са, бұл ертеңгі күні ұлтым деп ұран салар ұл-қыздарымыздың тә­лім-тәр­бие­сіне оң ықпалын тигізері сөзсіз. Халқымыздың табиғатына жа­қын «Ән салайық!»  балала­ры­мызға да ұнайтын бағдарламаның бірі. Дегенмен, осы бағдарлама әлі де болса көп ізденісті талап ететін сияқты. Олай дейтініміз, балалар­ға арналған ән репер­туа­ры күрде­лі. Кей әндер­дің жа­ңылт­паш құсап оп-оңай ай­тыла салмайтынды­ғы­нан кіш­кентай ән­­ші­леріміз сөз­дерін жаттай алмай ауыздарын жы­быр­латып, үй­рету­шіге жаутаң­дай қарап әлекке түсіп жатады. Мысалы, «Шах­тер туралы әнге» құлақ түрелік: «Шахтерді ел біледі, оған сарай жер асты. Көмір қазып жүреді сорға­ла­тып тер ащы», деген жолдарды бала түгілі өзіміз де мүдіріп айтаты­нымыз ақиқат десек, «Табынды өзім суарып-ей, Шалғынға айдап барамын, деп келетін бүлдіршіндер үшін түсі­нік­­сіз мәтіннің оларды қызық­тыр­масы анық. Бір сарынмен ай­тыл­ған ауыр ән ырғағын жарты сағат­қа жуық қайталаған жүргізу­ші­лердің өзі де жалыққандай. Әрине, көңілсіз әуен мен бүлдіршіндер үшін беймәлім бақташы мен шахтер тірлігі оларға қызықсыз бол­ғаны көрініп-ақ тұр. Сондай-ақ, бір сарынды ырғақпен жарапазан мақамына келетін «Теке жайын­дағы әннің» де бала жа­дын­да жат­талып қалуы екіталай-ау. Бұл бағ­дарламаға жұрт жадында жүр­ген, айтуға жеңіл балалар ән­дерін неге ұсынбасқа. Тағы бір ойға оралған пікір-жүр­гізушілердің киім үлгілері. Бағ­­дарламаның басым көпшілі­гін­де жүргізушілердің қара түсті, не болмаса қоңырқай киімге үйірлігі бай­қалады. Негізінен, балалар бағ­дар­ламасын жүргізушінің киімі ашық түсті, баланың  көңілін жа­ды­ра­та­тындай болуы қажет-ақ. Өзі жүр­гізетін хабардың маз­мұ­ны­на сай, ертегі әлемінің кейіпкеріндей киініп шықса, тіпті тартымды көрінер еді. Және бір көңілге кір­бің ұялатар жайт, ашылғанына не­бәрі 7-8 ай ға­на болған теле­арна­ның қоры сар­қы­ла бастағаны. Соң­ғы кезде қай уа­қытта қосса­ңыз да бірнеше рет көр­ген бағ­дар­ламаны қайта беріп жата­тынына бүлдіршіндер көңі­лі тол­май-ақ жүр. Балалардың бар­лық бағ­дар­ла­маны жаттап алғаны сон­шалық, жауыр бола бастаған арна­ның құ­ла­ғын басқа жаққа бұ­рай са­ла­тынын көзіміз көріп те ж­үр. Әри­не, жаңа ғана қанат қаққан «Ба­ла­панға» осын­ша сын айт­қанымыз ар­тық та шығар. Дегенмен, сын түзел­мей, мін түзел­мес. Біздің тілегіміз бар қазақ­тың үмітін арқалаған «Ба­ла­панның» қа­на­ты қатая түссе дейміз. Базаркүл АХМЕТ, журналист.