Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров Элизабет Йеггле бастап келген Еуропарламент делегациясы мүшелерімен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесуде В.Бобров меймандарға 3 сәуірде өткен Президент сайлауы туралы айтып берді. Сайлаушылардың 95,55 пайызы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл сайлаудағы жеңіс елдің қарқынды дамуының айқын көрінісі болды. Сайлау үдерісі Тәуелсіз елдің 20 жылдағы атқарған ісіне баға бергендей нәтижені көрсетті, деді ол.
Ал Еуропарламент депутаттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарына сұрақтар қойып, сайлау мәселесіне қатысты пікір алмасты. Меймандардың сұрақтарына жауап бере келіп, вице-спикер оларды Қазақстандағы демократиялық жүйелер мен сайлау заңдылықтарынан хабардар етті.
«Егемен-ақпарат».