Облыс әкімі Серік Біләлов бірқатар лауазым иелерін жаңалады. Аймақ басшысының өкімімен Қызылжар ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев басқа жұмысқа ауысып, көп жыл бойы ЖШС-іне жетекшілік еткен Виктор Редин әкімдікке тағайындалды. Айыртау және Уәлиханов аудандарының әкімдері Қадырбай Тоқтасын мен Есләм Уахитов өз өтініштерімен қызметтерінен босатылып, олардың орнын Ерлік Жанділдин мен Серікбай Тұралинов басты. Алғашқысы облыстық ішкі саясат басқармасы бастығынан келсе, соңғысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары болған. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ольга Перепечинаның қызметі төмендетіліп, бұл орын Шал ақын ауданының әкімі Азамат Әмринге бұйырды. Шалғайдағы ауданға Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған Арнас Несіпбаев жіберілді.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Солтүстік Қазақстан облысы.