• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2011

Әлем қазақтары бас қосады

476 рет
көрсетілді

Бес жылда бір рет өткізіліп тұ­ратын әлем қазақтарының құрыл­тайы еліміздің саяси-қоғамдық өмі­ріндегі маңызды оқи­ға десек, артық айтқандық емес. Аталған тарихи шараның негізгі мақсаты – шетелдерде өмір сүріп жатқан өс­ке­лең ұр­пақты атамекенге бет бұр­ғызу мәселесін көтеру және келген қандастарымызды мемлекет тара­пы­нан қолдап, жағдай жасап оты­ру. Сонымен қатар, құрылтай ба­рысында шетелдерде тұратын қа­зақ жастарының және Қазақ елінде білім алып жатқан бауырла­ры­мыз­дың ұл-қыз­дарының Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елім бар екен деген ұғымды қа­лыптастыру. Бұл жері кең, халқы аз еліміздегі демографиялық ахуал­ды жақсар­туға да септігін тигізері күмәнсіз. Алқалы жиын Астана қаласын­да 25-27 мамыр аралығында өтеді. Бұл құ­рыл­тайдың өзге құрыл­тай­дан айырмашы­лы­ғына келетін болсақ, осы жолы басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көш­бас­­шы­лары шақырылып отыр. Жи­ынға әлемнің 35 елінде тұрып жат­қан қандастарымыздан 380-ге жуық өкіл­­мен бірге, қазақстандық делегаттар қатысатынын да назарға сала кетсек дейміз. Делегаттар қатарында қазақ халқы­ның мәдениеті мен дәстүрін, қазақ тілін дамыту мен насихаттауда кеңінен таны­мал қоғам қайрат­керлері, шығарма­шы­лық, ғылыми-педагогикалық, зияткерлік, бизнес, спорт, мемлекеттік және қоғам­дық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Атап айт­қанда, құрылтай жұмысына Чехияның экс-министрі Жәмила Стехликова, Чува­шияның экономи­ка­лық даму экс-министрі, қазір Чебоксары жоғары оқу орнының доценті Гүлмира Акимова, Моң­ғо­лияның оқу-ғылым және мәдениет министрінің орынбасары Күләнда Чоной, мәскеулік профессор Нәйла Бекмаханова, техника ғы­лым­дары­ның докторлары Дәулет Мұха­мед­жанұлы мен Асқар Дәу­летұлы, армрес­тлинг жөнінен Иран чем­пи­о­ны Жүсіп Шаткам, т.б. қатысады. Осы арада құрылтай делегат­та­ры­ның 60 пайызын жастар құрайтынын айта кеткеніміз ләзім. Олардың қатарында Германия, Шве­ция, Австрия, Голландия, Норвегия, Ұлыбритания, Моңғолия, Түр­­кия, Ресей, Қырғызстан, Өз­бек­стан мен Қазақстан спортшылары, студенттері, магистранттары мен оқушылары бар. Дүниежүзі қазақтарының төр­тін­ші құрылтайы 25 мамыр күні Тәуелсіздік сарайында салта­нат­ты түрде ашылып, онда Қазақ елі­нің Президенті, Дүние­жүзі қазақтары қауымдастығы Төрал­қасының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күті­луде. Сол күні атажұртына келген бауырларымыз «Қыз Жібек» операсының қойылымын там­а­ша­лайды. Ал 26 мамыр күні қо­нақтардың құрметіне «Атамекен» кешенінде «Этноауылдың» ашылуы болады. Сонымен қатар, бірқатар министрліктерде қазақ диаспорасының өзекті мәсе­­ле­ле­рі бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп, мекеме басшы­ларымен кездесулер өтеді. 27 мамыр күні іс-шаралар Қ.Мұңайтпасов атын­дағы орталық стадионда шетелден келген қазақ жастарының футбол турниріне және ұлттық спорт ойын­да­ры­на жалғасады. Президенттік мәдениет орталы­ғында шетел қазақтарының қол­өнер шеберлері көрмесі ұйым­дас­тырылып, соңынан ақын­дар­дың халықаралық жыр мүшәй­расы, ата-жұртын аңсап келген жастардың концерті өткізіледі. Сөйтіп, елім, жерім деп келген ағайындар үш күн бойы елордада алуан түрлі шаралардың куәсі болады. Сүлеймен МӘМЕТ.