• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2011

Босқындар мәселесі сөз болды

347 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республика­сының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов БҰҰ-ның Бос­қындар мәселесі жөніндегі Жо­ғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі – үйлестірушісі Сабер Азам­мен кездесті. Кездесу ба­рысында тараптар басқарма жұ­мысының аймақтағы өзекті мә­селелерін және Қазақстан мен БҰҰ-ның Босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы комиссары бас­қармасы арасындағы ынты­мақ­тастық мәселесін талқыға са­лып, оның дамуын оң бағалады. Өзара түсіністік ортақ гума­ни­тарлық бағдарламаларды жүзеге асыру үдерісінен айқын көрінеді. Босқындардың негізгі халық­ара­лық қорғаушысы ретінде атал­ған басқарманың ерекше рөлін атай отырып, Е.Қазыханов адам құқықтары, соның ішінде бос­қын­дар мен мигранттарды қоса ал­ғанда, сыйлау мен сақтау ісі ұлт­тық саясатымыздың ең ма­ңызды тармағының бірі болып табылатынын атап көрсетті. Осыған орай, қазақстандық тарап екіжақты ықпалдастықтың барлық мәселелері бойынша үн­қатысуға дайын екендігін жеткізеді, атап айтқанда, басқарманың тәжірибесін зерттеуде және бос­қын­дар мәртебесін беруде, паналату механизмі мен жүйесін, аза­матсыздықты қысқарту үдеріс­те­рінде өзара пікір алмасуға әркез әзір екендігін мәлімдейді, деді Е.Қазыханов. С.Маза өз кезегінде Қазақ­стан­да наурыз айында Орталық Азиядағы босқындарды қорғау және халықаралық миграция жө­ніндегі аймақтық конференция­ның жемісті өткенін атай оты­рып, Алматы декларациясының басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында аймақтағы елдердің іс-әрекеттерін үйлестіру маңыз­дылығын ерекше қозғап өтті. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар ая­сында босқындар мен амал­сыз­дан көшіп жүргендердің мәселесі ерекше өзектілікке ие, осыған байланысты тараптар Қазақ­стан­ның алдағы ИКҰ-дағы төраға­лығы барысында да екіжақты қарым-қатынасты дамыту мүм­кін­діктерін қарастырды, деп ха­барлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қыз­меті.