• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2011

Ескекаяқшылар ерледі

420 рет
көрсетілді

Мамыр айының басында Германияның Лейпциг қаласында ескек аяқпен суда жүзуден әлем кубогы үшін жарыс өтті. Жарысқа әлемнің 15 елінен 57 команда қатысты. Қазақстанның намысын «Акванавт» спорт клубы мен №5 спорт мектебінің ұйымдастыруымен құрылған 18 спортшыдан тұратын команда қорғап, коман­далық есепте ал­тыншы орынды иеленді. Әлемнің ал­дыңғы қатарлы командалары қатысқан бұл жа­рыста №126, №173 лицей оқушылары ерекше көзге түсіп, №173 лицейдің оқушысы Ділдабеков Ислам бесінші орынды иеленді. Германия, Украина, Ресей, Франция, Қытай  сияқты су спорты дамыған елдермен иық тіресіп жүріп, ел командасының алтыншы орынға табан тіреуі үлкен жетістік. 2009 жылы Түркияда өткен әлем кубогінде жасөспірімдер арасында 3-орын алған Айтбаев Асхат бұл жолы ересектер тобында жарысқа түсіп, 9-орынға ие болды. Қазақстан командасы алдағы уақытта өтетін үлкен жарысқа қатысуға шақыру алды. Осы жолғы жарысқа Асхаттың қатысуы үшін қолдау көрсеткен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басшылығының саламатты өмірді насихаттай білгендігіне разылық танытуымыз керек. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар қатарына №126 лицей оқушылары А.Әбілов, Б.Сматов, №173 лицей оқушылары И.Ділдабеков, А.Әбілмәжинова, А.Каби, Н.Үс­теміров секілді шәкірттерді қосуға болады. Юрий КУЦЕЛЬ, бапкер. Алматы.