Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы
2010 жылғы 22 сәуірде Сеулде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 23 мамыр. №438-ІV ҚРЗ