• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2011

Арнайы қызмет кеңесі өтті

370 рет
көрсетілді

Кеше Днепропетровск қаласында (Украина) ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев басқарған Қа­зақ­стан ҰҚК делегациясы ТМД-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік органдары және арнайы қыз­меттер басшылары кеңесінің 30-шы мәжілісінің жұ­мысына қатысты. Достастық арнайы қызметтері басшылары өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің кең спектрін, соның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет ету мәселелерін талқылады, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің басқа да бағыттары бойынша бірқатар шешім қабылдады. Сондай-ақ, мәжіліске қатысушылар қорытынды құжатқа қол қойды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар