• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2017

​Көкірегі ояу көрермен тұшымды телехабар көргісі келеді

446 рет
көрсетілді

Ел-жұрттың арасында жиі боламыз. Әңгімелері мен өкпе-наздарына құлақ түресің. Олардың ой-пікірлерімен міндетті түрде санасу керек. «Қазір жұрт, әсіресе жастар отандық телеарналардың хабарларын көре бермейді. Өйткені, оларды қызықтыратындай, тартатындай хабарлар жоқ. Ұлттық идеологияға телеарналар лайықты на­зар аударып отырған жоқ. Та­ғы­лымдық, тәрбиелік мәні жоқ ха­­барлар өте көп. Сонда мұны еш­кім қадағаламай ма?». Мұндай сын-пі­кірлер негізсіз емес.

Алдымен айтарымыз, көптің көңілінен шығатындай тұшымды телехабарлардың аз болу себебі, тележурналистиканың қадірін түсіріп алдық. Өйткені, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мамандық иелері тележурналистиканы жаулап алды да, кәсіби мамандар шеттеп қалды. Тележурналистердің «нанын тартып алғандардың» сыртқы кел­беті көрікті, бірақ басқа талаптар­ды былай қойғанда, олардың теле­жур­на­листиканың әліппесінен де хабары жоқ. Басым бөлігінің сөздік қоры шолақ, сөйлеу мәдениеті төмен. Ән шырқағанда асқақтаған дауысы бар шығар, бірақ, ол дауыс телесалаға келе ме, жоқ па? Оны ойламайды. Тележүргізушілердің дауысы құлаққа жағымды болуы тиіс. Көрерменді тартып, еліктіріп әкетуі керек. Мәне­ріне қарап жатқан да ешкім жоқ. Ал тиісті білім алған журналистерге осы мәселелерге байланысты жеке-же­ке сабақ өтеді. Студент кезден бас­тап машықтанады. Тәжірибе жи­нақ­­тайды. Осының бәрінен өткен тележурналист ысылып, төселеді. Ал оның орнына фонограммамен ән шырқап жүрген әншіні әкеп қойсаңыз қалай болады? Сахнада ән шырқау мен телекамераның алдында хабар жүргізу екі бөлек дүние. Осындай себеп-салдарларға байланысты көбіне хабарлар сүреңсіз шығады, көрерменін тартпайды. 

Ең сорақысы сол, олардың көбі не айтып тұрғанын өздері түсінбейді. Тележүргізуші сөйлемнің мағынасына, сөздің айтылуы мен астарына жете мән беруі тиіс. Дұрыс тыныс алу, дауыс ырғағы, екпін түсіру деген бар. Мұның бәріне болашақ тележурналистер оқу ордасының қабырғасында жаттығады. Ал, суф­лердегі мәтінді судыратып оқып шық­қан тележүргізуші не оқығанын өзі де, көрермен де түсінбегендіктен, оның ақпаратын қабылдай алмайды. Өйткені, көп телехабарларда жүргізуші мәтінді өзі жазбайды, оған дайын күйінде беріледі. Тіпті, дәл хабар басталар алдында қо­лы­на тиюі мүмкін. Дайындалуға да мұр­шасы болмайды. Кейде тікелей эфир кезінде тележүргізушілердің асып-сасып, абдырап қалатынының себебі де осы.

Онымен қоймай, экранға шыққан кезде «Пәленше Пәленшиев, журналист» деп титр беретінін қайтерсің? Телеарнаның басшылары осыған мән беруі керек. Өйткені, олардың журналистік мамандығы, дипломы жоқ. Сондықтан «журналист» деп жазуға құқы жоқ. Титрға жазғысы келіп бара жатса «тілші» деп жазсын.

Әншілердің жүргізген хабар­ларында жасандылық бірден бай­қ­а-

лады. Оны көзі ашық, көкірегі ояу көрермен бірден байқайды. Сон­дықтан тележурналистиканы осы саланың оқуын оқып, тоқуын то­қыған, қыр-сырын бес саусақтай бі­летін мамандардың өздеріне қайтару керек. Сонда ғана тележурналистика өркендеп, жақсы хабарлар көбейеді.

Отандық телеиндустрия Ресей телеарналарының көшірмесі болудан аулақ болғаны жөн. Әсіресе, шоу бағдарламаларды жасағанда ай­нытпай көшіріп ала қояды. Ол жо­ба ұлттық менталитетке келе ме, тәр­-

б­и­елік, тағылымдық мәні бар ма, оған мән беріп жатқан ешкім жоқ.

Қырық-елу жастан асқан кәсіби тележүргізушілерді экраннан алас-

тату да дұрыс емес. Шетелдік те­ле­­арналардың басым бөлігінде та­ңертеңгілік және ақпараттық бағ­дар­ламаларын жүргізетіндер мен дай­ындайтындар – орта жастағылар. Өйткені, көзі жыпылықтаған жасанды тележүргізушілермен салыс­тыр­ғанда, олардың ақпаратына көрер­мендер иланады, сенеді.

Телехабарлардың сапасын кө­теру­ бәсекелестікке байланысты. Сон­дықтан, аутсорсингтік жұ­мыс­тарға жол ашу керек. Бәсекелестік бар жерде жақсы нәтиже болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.