• 27 Қазан, 2017
Бір мектеп – бір ауылдың тағдыры
Солтүстік өңірдің шалғай ауылындағы жалғыз бастауыш мектеп жабылды. Себеп – бір ғана оқушы қалған.
• 06 Қазан, 2017
Өндірісі өркендеп, индустрияландыру бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан Қазақстанда еңбек күші жеткілікті болмағандықтан, жұмысшыларды шет мемлекеттен әкеліп жатқан компаниялар көп.
• 26 Қыркүйек, 2017
Осы жылдың қаңтар айының соңында бір ағайын ағамыз жұмысқа келді. Үлкен ұлының үйлену тойының қам-қарекеті бойынша ақылдаспақ ниетпен келген болып шықты.
• 20 Қыркүйек, 2017
Астанадағы автобустардың қызмет көрсету сапасы жайлы мақала шыққаннан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақстан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Таксист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады.
• 07 Қыркүйек, 2017
Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті
Әлеуметтік желілер Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның қоғамдық көлікте жүрген фотосуретін жарыса жариялап жатқан уақытта менің де журналистік қызығушылығым оянып, маршруттық автобустармен жүруді жөн санадым.
• 25 Тамыз, 2017
Баға мәселесінде байыптылық қажет
«Сауда орындарымен салыстырғанда баға төмен шығар?» деген дәмелі ойдың жетегімен таңғы ұйқымызды қиып, ертелетіп көтерме базарға бардық.
• 18 Тамыз, 2017
Жұмысты жалғастырар жастар қайда?
Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты.
• 10 Шілде, 2017
Қазақ елі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жан-жақты дайындық жасағанын жұртшылық жақсы біледі. Елбасының өзі әу бастан-ақ әзірлік шараларын қатаң қадағалауға алды. Ал Үкімет көрмеге дайындық мәселесін күн тәртібінен түсірген жоқ.
• 16 Маусым, 2017
Қазақстанның қай қаласында болсын, көп қабатты үйлердің тұрғындарын толғандырып отырған мәселенің бірі – лифт. Тіпті, жаңадан пайдалануға берілген үйлердің өзінде лифт жиі істен шығады. Оқыс, апатты жағдайлар да болып тұрады.
• 08 Маусым, 2017
Елорда тұрғындары жыл өткен сайын артып келеді. Шаңырақ көтеріп, балалы-шағалы болып жатқан жас отбасылар да көп. Олар да Астана демографиясының өсуіне үлес қосып жатыр. «Бәрекелді!» дейік. Бірақ басым бөлігі үшін «бас ауруына» айналған басты мәселе – балабақша.