• 30 Мамыр, 2017
Жаз жақын! Жұрттың көбі «Демалысты қайда өткізгеніміз дұрыс?» деген сауалдың жетегінде жүр. Жылына бір рет берілетін еңбек демалысын ойдағыдай өткізу әркімнің арманы.
• 16 Мамыр, 2017
Пәтер проблемасын кім шешеді?..
Қалалық тұрғындар күнделікті өмірде мынадай жағдайды бастан өткеріп жүр: ыстық судың шүмегін бұрасаңыз, алдымен бір-екі литр салқын су, содан соң барып ыстық су ағады... Босқа аққан есіл тіршілік нәрінің құнын ыстық судың бағасы бойынша шытырлатып тұрып қалтаңыздан төлейсіз. Күніне бір пәтердің өзінен жүздеген литр су осылайша рәсуа болып жатқан жоқ па? Обал-ай.
• 04 Мамыр, 2017
Көкірегі ояу көрермен тұшымды телехабар көргісі келеді
Ел-жұрттың арасында жиі боламыз. Әңгімелері мен өкпе-наздарына құлақ түресің. Олардың ой-пікірлерімен міндетті түрде санасу керек. «Қазір жұрт, әсіресе жастар отандық телеарналардың хабарларын көре бермейді. Өйткені, оларды қызықтыратындай, тартатындай хабарлар жоқ. Ұлттық идеологияға телеарналар лайықты назар аударып отырған жоқ. Тағылымдық, тәрбиелік мәні жоқ хабарлар өте көп. Сонда мұны ешкім қадағаламай ма?». Мұндай сын-пікірлер негізсіз емес.
• 20 Сәуір, 2017
Қос қабатты сауда үйінің шығар есігіне жақындай берген кезде сырт жақтан егде кісінің келе жатқанын байқадым. Бала күннен қалыптасып қалған әдет − ақсақалға ілтипат көрсетпек ниетпен есіктің тұтқасына қарай қолымды соза бергенім сол еді, қас пен көздің арасында бір жігіт таптап кетердей екпіндеп ішке енді. Түр-түсін де дұрыстап аңдай алмадым. Әйтеуір, айқастыра байлаған түрлі-түсті мойынорағышы бірден көзге түседі екен, онысы бет-әлпетін жартылай жауып тұр. Жүрісі қатты. Өте асығыс. Ешкімді елейтін түрі жоқ. Жер-жаһанда жалғыз жүрген жандай-ау, сірә. Мені қойшы, алдында келе жатқан әлгі ақсақалды да қағып-соғып өте шыққан жоқ па сабазың?
• 10 Сәуір, 2017
Саябақтар саялы ма, сайлы ма?
Редакцияның қарсы алдында шағын ғана аллея бар. Саябақ болуға сұранып тұрған орын. Бірақ, саябақ деп айтуға келмейді. Көзге қораш. Тал-теректің «күзелмегеніне» бірнеше жыл болған шығар, жан-жағына жайылып жатыр. Жері де ойқы-шойқы. Бір-екі бағана тұр қисайып. Шам орнатуға арналған болса керек.
• 10 Ақпан, 2017
• 20 Қаңтар, 2017
• 16 Қаңтар, 2017
Түсініксіз тіл, «жалаңаш» жарнама
Қытай радиосының қазақ редакциясында қызмет істейтін әріптесім келді Астанаға. Сырт көз – сыншы. Көбіміз күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп әсте байқай бермейтін, көңілге кірбің түсіретін «әттеген-айды» Астанаға келімді-кетімді қонақтар айтуы әбден мүмкін. Сол әріптесіміз айтады:
• 10 Қаңтар, 2017
• 06 Қаңтар, 2017