30 Мамыр, 2017

Жаз келді. Қайда дем аласыз?

507 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жаз жақын! Жұрттың көбі «Демалысты қайда өткізгеніміз дұрыс?» деген сауалдың жетегінде жүр. Жылына бір рет берілетін еңбек демалысын ойдағыдай өткізу әркімнің арманы.

Жаз келді. Қайда дем аласыз?

Осыдан бес-алты жыл бұрын қазақ­стандықтардың басым бөлігі шет елде тыныққанды жөн санайтын. Өз еліміздегі демалыс орындарына жұрт ағылып бара бермейтін еді. Бұл әлде жарнаманың аздығынан ба, жоқ әлде туристік фирмалардың белсенді жұмысының жоқтығынан ба, жоқ әлде басқадай себептері бар ма, әйтеуір, жаз айларында қазақ­тан­дықтардың көбі шет елдегі демалыс орындарын қалайтын. Ал  қазір жағдай басқаша. Біріншіден, демалушылар қатары азайған. Оның себептері – айқын. Ең басты себеп – жалпақ дүниені жайлаған қар­жы-экономикалық дағдарыс. Мұның сал­қыны Қазақстанға да тиді. Өйт­кені, басқа мемлекеттермен ты­ғыз қарым-қатынастағы Қазақстан тұр­ғын­дарының да етек-жеңін жинауына тура келгенін жасыра алмаймыз. Бұл өтпелі кезеңдегі уақытша қи­ындық екендігін жұрт түсініп отыр. Сон­дықтан да, шет елде демалуды бір-екі жылға тоқтата тұруды дұрыс деп тапқан отбасылар да бар. 

Екінші себеп – шет елдегі дем-
алыс орындарында қызмет көрсету құнының айтарлықтай артқаны. Тіпті, кей­бірінде екі есеге дейін өскен. Қалта қа­ғады. Бала-шағасымен баратын­дар үшін әжептәуір салмақ. 
Үшінші себеп – шет мемлекеттерде соңғы жылдары лаңкестік оқи­ғалардың жиі орын алуы. Одан бейбіт тұрғындар мен туристер зардап шегіп жатыр. Туризм бизнесі өркендеген Түркияның өзіне алыс-жақыннан сапар­лап келушілердің қатары кейінгі уақытта екі еседей қысқарғаны осы сөзімізді нықтай түседі. Жұрт ая­ғын тартып қалды. «Лаңкестердің құр­ба­ны болып кетпейік» деген қауіп те жоқ емес. Әрине, оның бетін аулақ қыл­сын. Бірақ, «Сақтансаң – сақ­тайды» деген қағиданы ұстанған қа­зақ­пыз ғой, демалысты соғыс өрті ша­рпымаған, терроршылардан қау­іп-қатер жоқ жанға жайлы жерде алаң­сыз  өткізгенді қош көреміз. 
Тағы бір себеп – Қазақстандағы азуын айға білеген атақты туристік фир­малардың өзі небір қаржылық қи­тұрқылыққа барып, оның зарда­бы демалушыларға тиді. Жұрт де­ма­лысқа деп тірнектеп жинаған ақ­шасынан айырылып, жер сипап қал­ды. Осындай жағдайдан кейін ту­ристік фирмаларға да күдікпен қа­рай­­тындардың көбейгені жасырын емес.
Міне, осындай себеп-салдарларға байланысты қазақстандықтардың шет елде демалуды азайтқаны анық. Ал, ең басты себеп – шет елде дем-
а­лу қымбаттаған. Өткен жылы әр адам­­ның шет елдегі демалысы орта­ша есеппен алғанда 145 мың тең­ге шамасында болған. Бұл – 2015 жыл­мен салыстырғанда 46 пай­ыз­ға жоғары. Өйткені, жанар-жа­ғар­май­дың қымбаттауына байланысты ави­абилеттердің құны өскен. 2016 жы­лы демалушылар қаражатының 21 пайыздан астамы тамаққа, 13 пай­ызға жуығы қонақ үйге жұмсалған кө­рі­неді. Тіпті, виза мен паспорт алудың өзі 2-3 есеге өскен.
Биылғы жазда да әр адамның шет елдегі демалысы 150 мың теңгеден кем болмайды деген болжам бар.Әрине, жолдаманың құны баратын еліңізге, таңдаған демалыс орныңызға тікелей байланысты. Тіпті, 150 мың теңгенің өзі жұмырға жұқ болмайтын демалыс орындары бар.
Қазіргідей алмағайып уақытта Қазақстанда демалуды қош көретіндер қатары көбейіп отыр. Өйткені, елі­міз­дегі демалыс мекемелері де на­рық­қа қарай бейімделіп алды. Сервис жоғарылады. Демалушылар қатарын арттыру үшін барлық жағдайларды жа­сап-ақ жатыр. Шет елмен салыс­тыр­ғанда, жол шығыны аз. Әуе қа­тынасы ғана емес, қалтаңызға қа­рай, көліктің түр-түрі бар. Ел іші тыныш, дүр­белең, қауіп-қатер жоқ. Демалыс орындарының құны соншалықты қымбат емес. 2016 жылы әр адамның де­малысы үшін орташа есеппен ал­ғанда 31 мың теңгеден астам қара­жат жұмсалған көрінеді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, 14 пайызға жоғары. Биылғы жаз айларында адам басына 35 000-40 000 теңгенің айнала­сында болады дегенді айтып отыр ма­мандар. Бұл шет елдегі демалыс­пен салыстырғанда 3-5 есеге жуық тө­мен. Әрине, туристік фирмалардың қыз­метін пайдаланбай, дербес баратындар үшін демалыс тіпті, арзанға түседі. 
Шет елде демаласыз ба, Қазақстан­да демаласыз ба, қалай болғанда да жаз жақсы өтсін.

Ғалым ОМАРХАН,
«Егемен Қазақстан»