Олардың еңбекақысы қазақстандықтармен салыстырғанда біршама жоғары болып, осыған байланысты наразылықтар аракідік болса да бой көрсетіп қалады. Сонда дейміз-ау, ішкі нарықтағы жұмыс күшін реттеуге, жұмысшы мамандармен жеткілікті қамтамасыз етуге еліміздің мүмкіндігі жетпей отырғаны ма? Жоқ әлде алып құрылыстарды салуға қазақстандықтардың шама-шарқы мен білім-тәжірибесі жетпей ме? Осы жағдайды жақсарту үшін қандай іс-шараларды қолға алған жөн? Осы жөнінде ой бөліссек.
емлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарын асқақтатып, оларды үлгі етіп, жұмысшы мамандықтарына жас-тарды көбірек тарту керектігін ұдайы айтып келеді. Жасырып керегі не, қара жұмысқа араласуға арланатындар да, намыстанатындар да бар. Мектеп бітіріп жатқан түлектердің көбі уақыт оздырмай жоғары оқу орнына түсіп, жылы кабинет пен креслоға жайғаса қалатын жайлы жұмысқа тұруды қош көреді. Ата-аналарының да ойлайтыны осы. Әлбетте жастардың еңбек жолының даңғыл болып, үлкен мамандық иесі атануына ешкім де қарсы емес. Жолдары ашық болсын. Бірақ сол жоғары оқу орнын бітіріп, қолына табақтай диплом тиген мамандардың барлығына бірдей көңілі қалайтындай жұмыс табыла қояр ма, сірә?
Қазір, жасырып керегі не, еңбек нарығында жоғары оқу орындарын бітіргендермен салыстырғанда, жұмысшы мамандықтарына сұраныс өте жоғары. Мұны санаулы жылдардан соң еңбекке араласатын бүгінгі мектеп оқушылары да жақсы біледі. Олардың арасында «Қазіргі уақытта Қазақстанда қандай мамандық мәртебелі деп ойлайсыңдар?» деген сауалнама жүргізілген кезде көбі баса көрсеткен мамандықтар: аспаз, көлік жөндеу шебері, сәнді шаш үлгісін жасайтын шаштараз, даяшы, электр механигі. Рас, бұл бір ғана қаланың жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген са-уалнама қорытындысы. Мүмкін Қазақстанның басқа өңірлерінде мектеп партасында отырған оқушылар жоғарыда келтірілген мамандықтардан басқа да кәсіптерді атайтын болар. Бірақ осы сауалнамаға қарағанда, үлкен құрылыс пен өндіріс орындарындағы мамандықтарды мәртебелі санайтын жастар аз. Оның сыры неде? Оларға қажетті ақпараттың жетпей жатқандығынан ба, жоқ әлде ауыр қара жұмысты қаламайтындығынан ба? Әлде мектеп бітіргелі отырған түлектерге жұмысшы мамандықтарына байланысты бағыт-бағдар, керекті кеңес бере алмай отырмыз ба? Жалпы, ауқымды құрылыс пен өндіріс саласындағы мамандықтарды мақтаныш санап, осы мақсат-мұратқа ұмтылатын жастар қатарының сирек болуының себебі не? Осыны тиісті мамандар саралап, зерттеп көрсе артық болмас еді. Мәселен, Астанада дәл қазіргі сәтте сарапшылардың тұжырымына қарағанда, тас қалаушылар және электрмен дәнекерлеушілерге, аспалы кран машинистері мен сылақшы-сыршыларға, автокөлік слесарьлары мен сантехниктерге, медбикелер мен байланыс операторларына және басқа да жұмысшы мамандықтарына сұраныс өте жоғары. Осы салаларға байланысты білікті мамандарды өте қажетсініп отыр. Тіпті қала билігі қажетті мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытуды биыл мықтап қолға алды.
лорданың еңбек нарығын сараптай келіп, 2017-2021 оқу жылдарында астаналық колледждерге берілген мемлекеттік тапсырыс 3207 орын. Егер қажетті жұмысшы мамандықтарына сұраныс артатын болса, бұл көрсеткіш жоғарылауы әбден мүмкін. Керек десеңіз, Астана колледждерінде бұған дейін даярланбаған жаңа мамандықтар ашыла бастады. Биылдың өзінде осындай 6 мамандыққа талапкерлер қабылданған. Оның ішінде «Көпір және көлік тоннельдері», «Өндірістегі электрмеханикалық құрал-жабдықтар», «Медицина техникаларын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандары бас қалада бүгінгі күні ең қажет болып отыр. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыс жалғаса беретін түрі бар.
Барлығы да еңбек нарығына байланысты. Соны сараптау арқылы қандай кәсіп түрлеріне қажеттілік бар, колледждер соған қарай бейімделіп, жаңа мамандықтар бойынша кадрларды даярлайтын болады.
Ең құптарлық және жұртшылық үшін жағымды жаңалық – жаңадан қолға алынған «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» мемлекеттік жобасы.
Осының аясында табысы аз отбасылардың балаларына және арнаулы интернаттардың тәрбиеленушілеріне, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар мен жетімдерге, бала жасынан мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға айрықша жағдай жасалмақ. Сонымен бірге бұл жоба мемлекет тарапынан тегін кәсіптік-техникалық білім алуды ниет еткен барлық жігіттер мен қыздар үшін үлкен мүмкіндік. Олар ең бастысы, ертеңгі күні жұмысшы мамандықтарын игергенін мақтаныш ететін болуы тиіс. Сонда ғана мамандықтың мәртебесі артады.