• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 05 Мамыр, 2017

Мәжілісте парламенттік тыңдау өтеді

218 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінде 2017 жылғы 12 мамырда «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйі мен дамуы туралы» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент депутаттары дәрі­мен қам­тамасыз етудің өзекті мә­­се­­ле­­лерін және осы саладағы про­­б­ле­­ма­ларды шешу жолдарын тал­­қ­ыламақ.

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­­мату­лин және Премьер-Ми­нистр­дің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысады деп күтілуде.

Шарада Денсаулық сақтау ми­нистрі Елжан Біртановтың, Ин­вестициялар және даму ми­нистрі Жеңіс Қасымбектің, Ақ­төбе облысының әкімі Бердібек Сапар­баевтың, сондай-ақ дәрілік сая­сат саласындағы халықаралық сарап­шы Франс Стоббелаардың (Ни­дер­ланд) тақырыптық баяндамалары тыңдалатын болады.

Сонымен бірге, тыңдауды да­йындау жөніндегі арнайы уақыт­ша комиссияның жетекшісі, Мәжіліс депутаты Бейбіт Мам­раев баяндама жасайды.

Парламенттік тыңдауға, сон­дай-ақ, орталық және жергі­лікті атқарушы органдар өкіл­дері, ірі фармацевтикалық кәсіп­орын­дардың басшылары мен шетел­дік сарапшылар, медицина қыз­меткерлері, үкіметтік емес ұйым­дар мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Тыңдау қорытындысы бо­йынша Қазақстан Республи­касы­ның Үкіметіне ұсыныстар әзірленеді.

Соңғы жаңалықтар