Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Испанияның Төтенше және Өкілетті елшісі Педро Хосе Санс Серраномен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Кездесу барысында екі елдің экономика, ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық машиналарын құрастыру, тамақ өнеркәсібінің түрлі салаларындағы, сондай-ақ туризмді дамыту саласындағы алдағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.