• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2011

Форум аясындағы кездесулер

294 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Пре­мьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Қырғызстанның бірінші вице-Премьері Омурбек Бабанов бас­таған делегациямен кездесті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвести­ция­лық ынтымақтастық, оның ішінде энергетикалық және ауыл-шаруашылық салаларындағы ын­ты­мақтастықты нығайту мәселе­лері талқыланды. Сондай-ақ екі елдің кедендік және шекаралық қызметтерінің өзара әрекеттестігі жөнінде де мәселе қаралды. *  *  * Премьер-Министрдің орын­басары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев VII Бүкіләлемдік Ис­лам экономикалық фо­ру­мы аясында бірқатар екі­жақ­ты кездесулер өткізді. Бахрейн Корольдігі Премьер-министрінің экономикалық мә­се­лелер бойынша кеңесшісі Абдалла Хасан Сейфпен, Малай­зия­ның Халықаралық сауда және индустрия министрі Мұстафа Мұ­ха­медпен, БАӘ Экономика министрі Сұлтан Саид Әл-Ман­су­ри­мен, Бруней-Даруссалам Мем­лекеті Премьер-ми­нистрі­нің орынбасары Дато Падука Аванг Хажи Бин Алонгпен, сондай-ақ Нидерландының экс-Премьер-ми­нистрі Вим Кокпен кездесулер кезінде сауда-эко­номикалық ын­ты­мақтастық мәсе­лелері тал­қыланды. *  *  * «CIMB/ALM Group» компа­ния­сы өкілдерімен кездесуде кө­лік және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.