• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2011

Көмек қолын созды

361 рет
көрсетілді

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Батыс Қазақстан облысында орын алған қайғылы оқиға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымын да бейжай қалдырмады. Мұнайшылар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 5 млн. 330 мың теңге аударды. – Жерлестерімізге көмек көрсету бастамасын қыз­меткерлеріміздің өздері көтергеніне өте қуа­ныш­тымыз, – дейді Жетібай кен орнындағы әлеу­мет­тік мәселелер жөніндегі топтың жетекші мама­ны Көкшеев Бердіғали. – Мұнайшылар өз та­рап­тарынан бұл қайғылы оқиғаға белсенді көмек көрсетуді қолға алды. – Біз, бір елдің азаматтары ретінде бір-бірімізге қолдау білдіруіміз қажет, – деді «Маң­ғыс­тау­мұ­най­газ» АҚ экономисі Семчев Георгий. – Жақын­да­рым мен отандастарым алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, зардап шеккендерге көмектесу парызым деп шештім. Мен бұл арқылы өзімнің шетте қалмағанымды, көмектің қашан да болса келетінін, біздің күшіміз – бірлікте, достықта және өзара көмекте екенін көрсеткім келді! «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қыз­меткерлері, олардың отбасы мүшелері, аймақ тұр­ғын­дары және бүкіл қоғам алдында жоғары әлеу­меттік жауапкершілік саясатын ұстанады. Компа­нияның әлеуметтік саясаты кәсіпорын дамуы жос­па­рының ажырамас бөлігі болып табылады. 2010 жыл ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өңірдің әлеу­меттік инфрақұрылымын дамытуға жалпы со­масы 5 миллиардтай теңге бөлді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік бағдарла­ма­­ларының көлемін үнемі ұлғайтады әрі олардың орындалу тиімділігін бақылауда ұстайды. Кәсіп­ор­ын өңірде тек мұнай мен газ өндіріп қана қоймай­ды, сондай-ақ облыс пен еліміздің дамуы мен гүл­де­нуіне көрнекті үлес қосуда. Есназар СҰЛТАНОВ.