• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №146

422 рет
көрсетілді

2011 жылғы 16 наурыз                №146                              Астана қаласы Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасын бекіту туралы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тарма­ғының 17) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасы бекітілсін. 2. «Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №345-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3088 болып тіркелген, 2004 ж., 6 қарашада №45 (202) «Официальная газета», құқықтық нормативтік актілер және Қазақстан Республикасы өзге де мемлекеттік органдар Бюллетенінде 2005 ж., № 1, 3-бабы) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И.Қилыбай) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр    Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасы  Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 cәуір  № 6894 бұйрығымен бекітілген Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасы 1. Жалпы ереже 1. Осы Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген, вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну тәртібін белгілейді және оның тасымалдау процесіне қатысушылармен өзара қарым-қатынасын реттейді. 2. Осы Қағидада вагондардың (контейнердің) операторы ретінде жеке меншік құқығында немесе өзге заң негіздемелерінде, вагон операторының қызмет көрсету жолымен тасымалдау үдерісінде тасымалдаушымен шарт негізінде қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға болып табылады. 3. Вагондар (контейнерлер) операторының қызмет ету мақсаты вагондар (контейнерлерді) оператор қызметін көрсету болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігі туралы темір жол көлігінің саласының өзге де қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. 4. Вагондар (контейнерлер) операторының қызметі (бұдан әрі – оператор) жүктерді вагондармен тасымалдауды қамтамасыз ету қажеттілігін қанаттандыруға бағытталған. Оператор тиімді пайдалануды және өзінің жылжымалы құрамын басқару және станциялар бойынша бос вагондарды (контейнерлерді) орналастыруды қамтамасыз етеді. Вагондармен (контейнерлермен) тасымалдау үдерісін қамтамасыз ету тасымалдауға дайындалған бос жүк вагондарын (контейнерлерді) жүк жөнелтуші белгіленген уақытта және оның көрсеткен орнында ұсынуды қамтиды. вагондардың (контейнерлердің) қозғалысын басқару және орналастыру жүкті вагондармен (контейнерлермен) тасымалдау қажеттілігі бар және жүк жөнелтушінің өтінішіне сәйкес темір жол станциялары арасындағы вагондар (контейнерлер) айналымын реттеуді қамтиды. 5. Қызмет көрсету барысында оператор келесі қағидаттарды басшылыққа алады: жүк жөнелтушілердің қажеттілігін жедел қанағаттандыру; вагондардың (контейнерлердің) жұмыс паркін икемді пайдалану; вагондарды жалға алуға шек қою және вагондардың (контейнерлердің) қозғалысын басқару. 2. Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну тәртібі 6. Жүк жөнелтушілерге Оператор қызмет көрсетудің негіздемесі оператордың қызмет көрсету шарты (бұдан әрі – Шарт) болып табылады, онда тараптардың негізгі құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, вагондар (контейнер) саны, түрі және қызмет көрсету мерзімі белгіленеді Шартта нөмерлер немесе вагондар (контейнер) біріздендірілген белгілері қамтылмаған. 7. Оператордың қызмет көрсетуі өзара қарым-қатынас жолымен жүзеге асырылады: тасымалдаушымен – шарт негізінде; магистральдық темір жол желісінің операторымен – магистральдық темір жол желісі операторының ақпараттық жүйесін қолдану шарты және жүк вагондарын ағымдағы ағытпа жөндеу шарты негізінде. 8. Қызмет көрсету кезінде оператор: 1) вагондарды (контейнерлер) тасымалдауға жарамды күйде береді; 2) жүк тасымалдау кезінде ай сайын қорытылған Шарттар негізінде берілетін вагондар саны туралы тасымалдаушыға хабарлайды; 3) вагондар айналымының уақытын белгілейді; 4) жүк артылған және бос рейстерді жоспарлайды; 5) бос вагон ағындарын жоспарлайды; 6) бос вагондарды тасымалдау кезінде жөнелтуші болып табылады; 7) тасымалдау құжаттарында вагондардың иесі ретінде көрсетіледі; 8) тасымалдау процесіне қатысушылардан мыналарды талап етеді: шарттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін өз вагондарының (контейнер­лерінің) уақтылы қайтарылуын; шарттың қолданыстағы кезеңінде өз вагондарының (контейнерлерінің) сақталуын қамтамасыз ету; шарт талаптарын бұзудан туындаған, келтірілген материалдық залалдың өтелуін; шарттық немесе өзге негізде өз вагондарының (контейнерлерінің) орналасқан жері туралы ақпаратты уақтылы беруді; жүк жөнелтушілердің ұсынылған өтінімдеріне сәйкес өз жылжымалы құрамын пайдалану үшін тең құқықты қамтамасыз етуді; магистральдық темір жолдарында вагондарды (контейнерлерді) пайдалану бойынша жедел, статистикалық есептілікті бастапқы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыға және магистральдық темір жол желісінің операторына қажетті ақпаратты беруді. 9. Вагондар (контейнерлер) жүк жөнелтушілерге жасалған Шартқа сәйкес қажет вагондар (контейнерлер) санын ай сайынғы өтінім негізінде беріледі. 10. Тапсырыс берген саны және вагондардың (немесе) вагондардың түрі болмаған жағдайда, сондай-ақ вагондарды (контейнерлерді) талап етілген станцияға жеткізудің экономикалық орындылығы болмаған жағдайда оператор тапсырыс берушіге дәлелді бас тарту жібереді. 11. Вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету тапсырысын шұғыл режімде (тасымалдау басталғанға дейін 3 күнге дейін) алайда операторда вагондар (контейнерлер) жіберуге рұқсат етіледі  болмаған жағдайда тапсырыста көрсетілген станцияға жіберу тоқтатылуы мүмкін. 12. Оператор ұсынылған тапсырыстар негізінде вагондарды (контейнерлерді) тасымалдауға даярлау жоспарын әзірлейді. 13. Тасымалдауға даярланған вагондар (контейнерлер) оператор жүк жөнелтуші көрсеткен жөнелту станциясын жібереді. Осы мақсатта оператор тасымалдаушының бос вагондарды (контейнерлерді) тасымалдау бойынша қызметтерін қолданады.. 14. Вагондарды қолдануға беру бойынша қызметтер вагондарды жүктеуге беру кезінен басталады.  Аяқталу мерзімі – вагондарды жүк тиеуден босату (жүк түсіру). Контейнерлерді қолдануға беру қызметі жүк жөнелтушінің бос контейнерлерді жүктеуге жіберуінен басталады, аяқталуы – бос контейнерлерді жүк түсіруден жолдау сәті. 15. Оператордың қызметін төлеу тәртібі Шартта анықталады. 16. Вагондардың (контейнерлердің) операторға тиістілігі, вагондардың саны, және жөнелту, жеткізу станциясы жүктерді тасымалдау тапсырысында көрсетіледі. 17. Жүк жөнелтуші өзінің тапсырысына сәйкес станцияға жеткізілген оператордың бос вагондарынан (контейнерлер) бас тартқан жағдайда және оларды осы станцияда тәулік ішінде қолдану мүмкін болмаған жағдайда оператор одан әр бір тұрған тәулік үшін ақы алады. 18. Жүк жөнелтуші тасымалдауға арналмаған вагондарды қолдана алмайды. 19. Жоспарлы айдың басталуына 3 күннен кем уақытта оператор тасымалдау­шыға жөнелтуші станциялар бойынша күнтізбелік жүктеу бағытының жоспарын ұсынады. 20. Тасымалдаушы станцияның белгіленген технологиялық жұмысына сәйкес тапсырыс бойынша түзетілген вагондарды уақтылы таңдауды қамтамасыз етеді және вагондарды (контейнерлерді) техникалық және коммерциялық дайындығын анықтау үшін ұсынады. 21. Жүк жөнелтушінің кіре беріс жолына вагондарды түсіргеннен кейін вагондар (контейнерлер) операторы тасымалдаушының қолдануына өтеді, бос вагондар мүкәммал вагондар ретінде реттелетін тапсырма бойынша жүреді. 22. Бос вагон түсірілгеннен кейін жүктеу станциясына жөнелтіледі. 23. Операторы тасымалдаушы қолданысындағы вагондарын (контейнерлер) тасы­малдауды рәсімдеу кезінде жөнелту станциясында тасымалдау құжаттары рәсім­деледі және жіберу ақысы жеке вагондарын тасымалдау ретінде есептеледі. Тауарлық кассир белгіленген тасымалдау құжаттарынан басқа вагондар (контейнерлер) операторы үшін темір жол көліктік тауар құжаттамасының телнұсқасын рәсімдейді. Тасымалды оператор жөнелткен жағдайда жіберу ақысы төлеуші есеп шотынан алынады тасымалдау құжаттарында көрсетеді. Бұл жағдайда темір жол көліктік тауар құжаттасының телнұсқасы ресімделмейді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6894 болып енгізілді.