• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №02-01-02/101

302 рет
көрсетілді

2011 жылғы 28 мамыр №02-01-02/101  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет Істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 02-01-02/80 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 02-01-02/80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6308 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 шілдедегі № 308-310 (26154) газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдаудың кейбір мәселелері туралы»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының магистратурасына қабылдау ережелерiнде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Академия құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейiнгі отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей даярлау мамандықтарын, оқу мерзімі, шарттары (бюджеттік немесе ақылы негізде) және оқыту тілдерін көрсете отырып, магистратураға қабылдауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Академияның магистратурасына бюджеттік негізде оқуға түсушілер мемлекеттік қызметкерлер болуы және келесі талаптарға сай болуы тиіс: 1) барлық оқу мерзіміне орташа балы «жақсыдан» төмен емес немесе GPA кемінде 3.0 балы бар жоғары білім туралы дипломының болуы. Сонымен, «Құқық» тобының мамандықтары бойынша аталған жоғары білім туралы дипломы заң мамандықтары бойынша болуы; 2) құжаттар тапсыру кезеңіне мемлекеттік қызмет өтілі кемiнде 2 (екі) жыл болуы; 3) «Құқық» тобының мамандықтары бойынша – сот, құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдарда мамандығы бойынша еңбек өтiлi кемiнде 2 (екі) жыл болуы; 4) «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде жұмыс iстейтiн және орталық мемлекеттiк органдардың халықаралық ынтымақтастық бөлiмшелерiнде жұмыс iстейтiн адамдар үшiн кемiнде 2 (екі) жыл болуы.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Академия магистратурасына ақылы негізде оқуға түсушілер мына талаптарға сай болуы тиіс: 1) барлық оқу мерзіміне  орташа балы  «жақсыдан» төмен емес немесе GPA кемінде 2.67 балы бар  жоғары білім туралы дипломының болуы. Сонымен, «Құқық» тобының мамандықтары бойынша аталған жоғары білім туралы дипломы заң мамандықтары бойынша болуы; 2) «Заңтану» мамандығы бойынша – құжаттар тапсыру кезеңiне мамандығы бойынша еңбек өтiлi кемiнде 2 (екі) жыл.»; 10-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жоғары білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге нотариалдык расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) еңбек өтілі болған жағдайда, еңбек қызметін растайтын құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;»; мыныдый мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) осы Ереженiң 13-1-тармағында көрсетiлген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы қолданыстағы нотариальды куәландырылған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) сертификат көшiрмесi (бар болса);»; 11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттік органның жетекшісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағыттауға құқығы бар адамның қолы қойылған, Академия бекiткен нысандағы жолдама;»; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады: 1) қазақ немесе орыс тiлдерi бойынша (оқыту тiлi); 2) мамандық бойынша.»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шектi балл - кемiнде 560), International English Language Tests System (IELTS, шектi балл - кемiнде 6.0), Grundbaustein DaF (шектi балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шектi балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шектi балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шектi балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шектi балл - кемiнде 400) бағдарламалары бойынша шет тiлiнен (ағылшын, француз, немiс) тест тапсырғандығы туралы расталған қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тiлiнен түсу емтихандарынан босатылады.»; 16-19-тармақтар алынып тасталсын; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша оң баға алған және бюджеттiк негiзде оқу үшiн кемiнде 8 балл және ақылы негiзде оқу үшiн кемiнде 7 балл (дәстүрлi бағалау жүйесi бойынша) жинаған тұлғаларды Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдануға кандидат ретiнде қарастырады.»; 25-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) шет/қазақ, орыс тiлi бойынша ең жоғары баға алған;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарындағы еңбек өтілі көп;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) магистратура мамандық бейіні бойынша жоғары бiлiм туралы дипломының бар;»; Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының магистратурасына қабылдау ережелерiне қосымша алынып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының докторантурасына қабылдау ережелерiнде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Академия докторантурасына Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Академияның докторанттар контингентін қалыптастыру республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру көлемі аясында жүзеге асырылады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Академия құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей докторантураға қабылдауды даярлау мамандықтарын, оқу мерзімі, шарттары және оқыту тілдерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Академия докторантурасына оқуға түсушілер мына талаптарға сай  болуы тиіс: 1) магистр академиялық дәрежесінің болуы; 2) кемiнде 3 (үш) жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi бар мемлекеттік қызметшілер болуы тиіс.»; 9-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) магистр академиялық дәрежесі туралы құжаттың мемлекеттік органның кадр қызметі растаған көшірмесі;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) еңбек қызметін растайтын құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;»; мынадай мазмұндағы 10) – 13) тармақшалармен толықтырылсын: «10) Мемлекеттік органның жетекшісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағыттауға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, Академия бекiткен нысандағы жолдама; 11) мемлекеттік органның кадр қызметі растаған кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы немесе істеген қызметтерінің тізімі; 12) жұмыс орнынан санаты және мемлекеттік қызмет өтілі көрсетілген анықтама; 13) осы Ереженiң 13-1-тармағында көрсетiлген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы қолданыстағы нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) сертификат көшiрмесi (бар болса).»; 10-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады: 1) қазақ немесе орыс тiлдерi бойынша (оқыту тiлi); 2) мамандық бойынша.»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шектi балл - кемiнде 560), International English Language Tests System (IELTS, шектi балл - кемiнде 6.0), Grundbaustein DaF (шектi балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шектi балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шектi балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шектi балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шектi балл - кемiнде 400) бағдарламалары бойынша шет тiлiнен (ағылшын, француз, немiс) тест тапсырғандығы туралы расталған қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тiлiнен түсу емтихандарынан босатылады.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Академия докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру пәндерiнiң типтiк бағдарламалары негiзiнде қалыптастырады.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша оң баға алған кемінде 8 балл (дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша) жинаған тұлғаларды қабылдау комиссиясы оқуға қабылдануға кандидат ретінде қарастырады.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Бiрдей балл жинаған жағдайда, оқуға қабылдау кезiнде мамандығы бойынша ең жоғары баға алған, сосын шет/қазақ, орыс тiлiнен ең жоғары баға алған үмiткерлерге басым құқық берiледi. Мамандығы бойынша және шет/қазақ, орыс тiлi бойынша бiрдей балл жинаған жағдайда, оқуға қабылдау кезiнде мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарындағы еңбек өтілі көп бар, сосын тиiстi мамандық бейiнi бойынша ғылыми жетiстiктерi (ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, патенттерi, ғылыми мақалалары және т.б.) бар үмiткерлерге басым құқық берiледi.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Оқуға қабылдау туралы бұйрық Академия, оқуға түсетін конкурсант, және  Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган  арасындағы үш жақты шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Мемлекеттiк саясаттың ұлттық мектебiне қабылдау ережелерiнде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Академия құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей МСҰМ-ға қабылдауды дайындау мамандықтарын, оқу мерзімі, шарттары (бюджеттік немесе ақылы негізде) және оқыту тілдерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.»; 7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығымен бекiтiлген санаттар бойынша әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының Тiзiлiмiне сәйкес А-1, А-2, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, E-1, E-2 санатындағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер;»; 10-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) жоғары білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге нотариалдык расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) еңбек қызметін растайтын құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;»; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) осы Ереженiң 14-1-тармағында көрсетiлген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы қолданыстағы нотариалды куәландырылған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған)  сертификат көшiрмесi (бар болса);»; 11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттік органның жетекшісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағыттауға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, Академия бекiткен нысандағы жолдама;»; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады: 1) қазақ немесе орыс тiлдерi бойынша (оқыту тiлi); 2) мамандық бойынша.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шектi балл - кемiнде 560), International English Language Tests System (IELTS, шектi балл - кемiнде 6.0) бағдарламалары бойынша ағылшын тiлiнен тест тапсырғандығы туралы расталған қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары ағылшын тiлiнен түсу емтихандарынан босатылады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Жоғары бiлiм беру бағдарламасының көлемiнде мамандығы бойынша қабылдау емтиханын емтихан комиссиясы ауызша түрде жүргiзедi.»; 16-тармақ алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша оң баға алған және кемiнде 8 балл (дәстүрлi бағалау жүйесi бойынша) жинаған тұлғаларды Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдануға кандидат ретiнде қарастырады.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Бюджеттiк негiзде оқуға қабылдау кезiнде бiрдей балл жинаған жағдайда, мамандығы бойынша ең жоғары баға алған, сосын ағылшын/қазақ, орыс тiлi бойынша ең жоғары баға алған оқуға түсушiлерге басым құқық берiледi. Мамандығы бойынша және ағылшын/қазақ, орыс тiлi бойынша бiрдей балл жинаған жағдайда, қабылдау кезiнде мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарындағы еңбек өтілі көп бар, сосын тиiстi мамандық бейiнi бойынша ғылыми жетiстiктерi (ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, патенттерi, ғылыми жарияланымдары және басқалар), сосын үздiк белгiдегi жоғары бiлiм туралы дипломы бар азаматтарға басым құқық берiледi.». 2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Төрағаның міндетін атқарушы Қ. НҰРПЕЙІСОВ. «КЕЛIСIЛДI» Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi _______________ Б. Жұмағұлов 2011 жылғы «06»  маусым Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 9 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6997 болып енгізілді.