• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Жапонияға көмек көрсету жалғасады

366 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Юдзо Харада мырзамен кездесті. Кездесуде М.­Құл-Мұ­хам­мед алдымен елшіге Жапо­ниядағы жер сілкінісі кезінде орын алған сұрапыл апаттың құрбандарына байланысты қайғыға ортақтасты­ғын білдіріп көңіл айтты. Өз кезегінде дипломат Жапония қи­ын кезеңді басынан кешкен сәтте Қазақстан халқының қол ұшын бергені, жуырда Астанада «Қа­зақ­стан» концерт залында өткен қайы­рым­дылық концертті ұйым­дас­тырғаны үшін Қазақстан жа­ғы­на шексіз алғысын білдірді. Қайырымдылықтан түс­кен қар­жы Жапонияның Қызыл крест қоға­мына жө­нелтілгені белгілі. М.Құл-Мұхаммед ҚР Мә­де­ниет министрлігінің ұсы­нысы бой­­ынша, Алматы қа­ласында Жа­по­ниядағы жой­қын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсе­ту мақ­сатында тағы да бірқатар шара ұйымдастырылып отырға­нын, атап айтқанда, 30 мау­сымда Абай атындағы мемлекеттік ака­де­миялық опера және балет теа­трында Борис Эйфманның «Крас­ная Жизель» балетінің қойы­лы­мы бол­са, 1 шілдеде Жамбыл атын­­да­ғы филармонияда ҚР мемлекеттік академиялық сим­фония­лық оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капел­ласының қаты­суымен концерт өтетін­дігіне тоқтала келіп, осы қайы­рым­дылық концертінен түс­кен қар­жының тағы да Жапо­ния­ның Қызыл крест қоғамына жөнел­тілетінін айт­ты, деп хабар­лай­ды Мә­де­ниет министрлігінің баспасөз қызметі.