• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Біз азат елдің ұланымыз!

1213 рет
көрсетілді

Тәуелсіздікті әр азамат мақ­тан тұтады. Ал тәуелсіз елде тұру әр адам үшін шынайы ба­қыт. Жылдар өте «тәуелсіз ел» деген сөз тіркесінің мәні күн­делікті болып қалады да, барлық адамдарға белгілі ұғ­ым­ды жа­ңа­лық ретінде таны­ту қиын. Сол себептен халық өз бостандығы туралы жылына бір рет қана Тәуелсіздік күні есіне алады. Бірақ 2011 жылы емес. 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан­ның 20 жылдық мерейтойы ата­лып өтеді! Бұл, сөзсіз, ерекше тойлауды талап ететін оқиға. Әр қазақстандық еліміздің 20 жыл­дық тәуелсіздік мерейтойына өзі­нің қомақты үлесін қосу үшін арнайы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өт­кі­зуге арналған шаралардың тұ­жы­рымдамасы мен жоспары» жа­салған. Бұл құрал ұйымдас­ты­ру­шылар үшін «нұсқау» болса, қала тұрғындары үшін «ойын-сауық бағдарламасы» болып табылады. Жылдың әр айы тәуелсіздікке бай­ланысты белгілі бір тақы­рып­қа арналған және осыған орай түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, қаңтар – Азиада айы, ол Қазақстанның жетістіктерін, экономикалық қуаттылығын және халықаралық беделін көрсеткен. Осыған сәйкес қаңтар айы спорт ойындарына, сайыстарына толы болып, көңілді Ирби барысы ая­сын­да өтті. Халық Астананың суы­ғы туралы ұмытып, барлық назарларын біздің спортшыларға аударды. Еліміздің түкпір-түк­пі­рінен «Алға, Қазақстан!» деген дауыстар естілді. Қаңтар Қазақстан Республи­касы Тәуелсіздігін Халықаралық мойындау айы – ақпанға ұласты. Ол туралы бәрімізге белгілі деп ойлаймын. Азиаданы өте жақсы өткізіп, ЕҚЫҰ саммитінің нәти­желерін қорытып, содан кейін... наурыздың «дәстүрлеріне» көш­тік. Құттықтаулардың басым көп­шілігін еліміздің нәзік те сұлу жандары – қыз-келіншектер, аналар, апа-әжелер қабылдады. 8 Наурыз мерекесі биыл өте ау­қым­ды аталып өтсе, ол Наурыз мей­рамымен жалғасты. Еліміздің бар­лық белсенділері қызу әрекет жасап, өз таныстары мен көрші­лерін қаланы гүлдендіруге тар­тып, сенбіліктеріміз де жақсы өтті. Сәуір «Ғылым және технология» айы деп аталды. Студент­тер­дің кезі келді. Олар өздерін көр­сете алатын ғылыми жетістіктер көрмесі өтіп, ақпараттық технологиялар саябақтарының тұсауке­сер­лері ұйымдастырылды. Ма­мыр халық шерулері және па­рад­тарымен белгілі Бірлік айы ретінде аталды. Ол қазақтардың Төр­тінші құрылтайымен аяқталды. Маусым «отансүйгіштік» бас­та­уымен өткізіліп, Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуге және тәуелсіздіктің 20 жылдығына ар­налған бірқатар форумдар, слеттер және акциялар ұйымдас­ты­рылды. Сонымен қатар, балалар­ды қорғау күні де мерекеленді. Шілде Қазақстанның елорда­сы айы болып өтеді. Астана кү­ніне орай осында ауқымды іс шаралар ұйымдастырылады. Бұл мереке әр қазақстандықты бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Спорт ша­ралары, концерттер, қайырым­дылық кештер, сансыз конкурстар және фестивальдар өзін күттіріп қоймайды! Байқап отырсаңыз – бұл оқиға барлық жұртқа жария­ланады. Тамыз Тәуелсіздіктің құқық­тық негіздеріне арналған, бұл «атау» 30 тамыз Конституция кү­ніне орай­ластырылған. Өзінің ата­уын ақтап тамыз айы Консти­туцияны түсін­діретін оқылымдар және әс­ке­ри парадпен барлы­ғы­мызды қу­ан­­тады, ал Спорт күніне байла­ныс­ты спорт­тық форум өт­кізіледі. Біз үшін терең рухани ай – қыр­күйек айы болып келеді, ха­лыққа татулық пен бірлік туралы Қа­зақстан халқының тілдер фестивалі еске салады, ал пайда болған сұрақтарға жауап беруге V Аза­маттық форум көмектеседі. Со­нымен қатар, күз бізді тағы да Қазақстанның драма театр­лары­ның республикалық фестивалі мен «Каспий – достық теңізі» ат­ты V Халықаралық фестивалімен қуантады. Қыркүйекте рухани құнды­лық­тарды еске алған соң біз өзі­міздің түп тамырларымызға ора­ламыз – «Ауылдың гүлденуі» атты қазан айы келеді. Агро­өнер­кәсіп саласы еңбеккерлерінің  рес­пуб­ликалық форумы, «Береке бас­тауы» атты нан фестивалі және Қарттар күніне арналған бірқатар шаралар өткізіледі. Қараша өзімен бірге қыстың суық тынысын алып келеді де, бізді үлкен қалаларға оралуы­мыз­ға мәжбүр етеді. Сол себептен осы айға Жеделдетілген индус­трия­лық-инновациялық даму деген ат берілген, бастапқысы қа­рашада Қазақстанның қаржыгер­лері конгресі өтеді. Осыдан кейін сапа саласындағы «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын сал­танатты марапаттау рәсімі ұйым­дас­тырылып, газтурбиналық электр стансасы іске қосылады. Қа­раша алып мұнай-газ көрме­сі­мен аяқ­талады. 16 желтоқсан мерейтойдың бас­ты күні – «Тәуелсіздік» жала­уының астында өтетін сансыз шаралармен тәмамдалады. Біз осы күнді мәңгі есімізде сақтаймыз. Бұл жиырма жыл тарих үшін қас қағым сәт, бірақ біз үшін үлкен жетістіктерге толы. Көп­ші­лігіміз 1991 жылы дүниеге келіп, тәуелсіз Қазақстан біздің, тәуел­сіздік құрдастарының көз алдын­да дамып, өсіп, өркендеу үстінде. Қазір біздің мақсатымыз – туған жеріміздің одан әрі дамып, өр­кендеуі үшін барлық күш-жіге­рі­мізді салу. Біз әлі жас болғанмен, болашақта әрқайсысымыз «Мен де өскелең Қазақстанды көтеруге атсалыстым!» деп мақтанышпен айта аламыз. Нұрсұлтан МАХМЕТОВ, Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының студенті.