• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2011

Бағдарлама бақылауда тұр

275 рет
көрсетілді

Сіз не дейсіз? Мыңдаған бүлдіршін ба­ла­бақшаға баруға асық. Ал­ай­да, ұзын сонар кезек олар­дың асқақ армандарына тұ­сау салып, ата-аналардың ор­ынды-орынсыз реніштерін тудырып жатады. Кезектің баяу жылжитынына алаң­дау­шылық та жоқ емес. Бұл мәселе негізінен облыс ор­та­лығына тән десе де болады. «Егемен Қазақстанның» Солтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Өмір Есқали облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Шолпан Кариноваға: – Сіз бұған не дейсіз? – Бұл мәселе бәрімізді тол­ғандырып келгені рас. Көп жыл­дар бойы қордаланып қал­ған проблеманы қысқа мерзім ішінде шешу қиын. Тек Ел­ба­сының тікелей тапсырмасы­мен кішкентай бүлдіршіндер­дің дамуына ықпал ететін үз­діксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге үлкен назар аударылып, оларды оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасының қол­ға алынуы іске үлкен серпін берді. Бір жылдың ішінде ғана мектепке дейінгі балалар мекемелері 356-дан 539-ға кө­бей­­іп, қамту көрсеткіші 66,8 пайызды құрады. Алдағы міндеттер тіпті ауқымды. Таяу жылдары 8 мыңға жуық бүл­діршіннің үштен бірін бала­бақшаға орналастыруды көз­деп отырмыз. Жыл аяғына дейін 880 орынды 4 балабақша бой көтеретін болады. Бұдан тысқары 28 шағын орталық ашылып, 1820 балдырған қуа­нышқа бөленеді. Сонда ал­да­ғы уақытта 2,7 мыңнан астам бүлдіршін балабақша есігін ашады деген сөз. Қазіргі қар­қын­ға қарағанда, жыл сайын­ғы көрсеткіш 14 пайызға дейін өседі деген болжам бар. 2020 жылға қарай қалалық, ауылдық жерлердегі барлық балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқы­ту­мен қамтитын боламыз. Осы орайда, жекеменшік әріптес­тік­тің зор әлеуетін пайдала­нып, жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын ор­талықтар ашуға үлкен мән берілуде. Былтыр Петропавл қа­ласында 75 балаға шақталған екі балабақша іске қосылды. Бұдан тысқары мемлекеттік емес 11 мектепке дейінгі меке­­ме жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысы.