• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2011

Қалам қуатына құрмет

390 рет
көрсетілді

Журналистика саласының үздіктеріне «Қазақмыс» корпорациясының жыл сайынғы сыйлықтары бірінші рет тапсырылды Өткен жұма күні ел журналистерінің үлкен бір тобын «Қазақмыс» компаниясының бас­шы­лығы Алматыдағы «Rixos» қонақ үйінің сәнді залына салтанатты жағдайда жинап, төл мерекелерімен құттықтады. Кешегі Астана күні, Елбасымыздың туған күнінен кейін де журналистер мерекесі әдемі жалғасын тапқандай, той тойға ұласқандай ғажап әсерге бөлендік. Олай болмас реті де жоқ. Қазақстанның әр тарабынан 60-тан астам журналистер арнайы келіп қатысқан рәсімді ұйымдастырушылар Қа­зақмыс Тобы сыйлықтарының жеңімпаз­да­ры­нан ақ пейілін, сый-құрметтерін аяп қалмап­ты. «Гүлдер» ансамблінің биі, Шәмшінің ән­дері, Жезқазғаннан арнайы келген «Нұр-сәулемай» би ұжымының, сондай-ақ танымал «Заратуштра-бэнд» ансамблінің өнері мерейді тасытып, көңілді шалқытты. Айнала толған гүл шоқтары. Үлкен экраннан Нұрсұлтан На­зарбаевтың: «БАҚ дегеніміз – ол, ең алдымен, қоғамдағы, экономика мен кәсіпкерліктегі күш­тер тепе-теңдігінің құралы» деген сөзде­рінің, сонымен бірге Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы мен Қазақмыс логотиптерінің слайдтары деміл-деміл көрініп, «Журналистерді Қазақ­мыс Тобының сыйлығымен марапаттау рәсімі» деген жазу әлсін-әлсін жарқырап көз тартады. Ал енді осы сән-салтанатты марапат жайы­на келер болсақ, ол, әлбетте, Республика Тәу­елсіздігінің 20 жылдығы мен қалам иелерінің кәсіби мерекесі – Қазақстан журналистикасы күніне сәтімен орайластырылыпты. Шын мә­нін­де де, Қазақмыс Тобы БАҚ өкілдерімен жә­не жалпы жұртшылықпен арақатынасын әрқа­шан жаймашуақ ашықтық қағидаттарына сай құрып, тиімді де байыпты ынтымақтастыққа ықыластылығын ұдайы танытып келе жатқаны әмбеге аян. Бүгінгі жарқын оқиға, хош көңіл­дер, ілтипатты лебіздер соның бір айғағындай. Корпорация белгілеген журналистік сыйлық жеңімпаздарының жалпы саны 26 болып шықты. Осынау лауреаттар бұқаралық ақпарат құралдарындағы соңғы жыл жарияланым­дары­на мониторинг жүргізу арқылы анықталған. Жұмыстарға корпорация басшылығының және корпоративтік  байланыстар департаментінің өк­ілдері, сондай-ақ осы игі істің басы-қасында болып, басынан аяғына дейін тамаша атқарып шығуға ілкімді септігін тигізген Қазақстан бас­пасөз клубының тәуелсіз сарапшылары өзде­рінің әділ бағасын бергендігі белгілі болды. Сонымен қатар ән-күймен әдіптеліп, ажары келтірілген думанды жиынды қос тілде құл­пырта жандандырған жүргізушілер, көпшілікке танымал Майя Веронская мен  Илья Оразақов жеңімпаздарды іріктеудің негізгі бағамдық белгілері жоғары кәсіби шеберлік пен жеделдік, шынайы жазып көрсету қағидаттарына адалдық һәм жаңашылдық, байыпты сын бо­лып табылғандығын атап көрсетті. – Мен сіздерді кәсі­би мерекемен – Қазақ­стан журналистикасы күнімен құттықтау мүм­кіндігінің сәті түскеніне шын жүректен қуа­ныштымын. Биылғы жыл баршамыз үшін айрықша, себебі біздің мемлекетіміз Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына қадам басып келеді. Ал, журналистикаға келер болсақ, оның біздің өміріміздегі маңызы орасан зор, ол кей-кейде жекелеген адамдардың, тіпті, үлкен компаниялар мен тұтас мемле­кеттердің тағдырына ықпал етіп жатады. Сіздерді «төртінші билік» деп бекер атамайды, сіздердің қызметтеріңізге біздің жас елімізде айтарлықтай көңіл бөлінуде. Қазақстан Пре­зидентінің салиқалы саясатының арқасында біз ақпарат айдынында дұрыс үйлестірілген ба­сымдықтарды, қазақстандық үлестің артып келе жатқанын әрі елдегі әралуан бағыт ұстанған 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан айтылған орынды да байыпты сынды көзбен көріп жүрміз, –  деді Қазақмыс Тобы Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақ­мыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай мырза. Ол сонымен бірге журналистерге компания президенті Владимир Кимнің ықыласты сәлемі мен құттықтауын жеткізді. Нарық қыспағының сонау бір қиын жылдарында 200 миллион дол­лар инвестиция салынған Қазақмыс қазірде жылына 1 миллиард доллар пайда табатын қуатты компанияға, экономикалық тәуелсіз­дігіміздің бір тірегіне айналып отырса, ол да Елбасының сарабдал саясатының бір көрінісі. Ал енді осы әлемге әйгілі қуатты компания журналистер қауымының қалам қуаты мен қарымына өз құрметін білдіріп жатса, ол өз алдына ғанибет емес пе. Өз ойын осылай өрбіте ­келе Эдуард Викторович «Республи­калық БАҚ-тарда Қазақмыс Тобының қызметін және әлеуметтік жобаларын үздік көрсеткені үшін» аталымы бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерін марапаттады. Нақ осы номинация аясында «Время» газеті де аталып өтілді. Сөйтіп, Қазақмыс сыйлығының алғашқы лау­реат­тары белгілі болды. Бұдан соң «Қазақ тіліндегі басылымдар арасында Қазақмыс Тобы жайлы ең көп жарияланымдары үшін» аталымында Қара­ған­ды облыстық «Орталық Қазақстан», «Жезқаз­ған өңіріндегі ақпараттық қолдау үшін ата­лымы» бойынша «Мысты өңір» және «Подробности» газеттері лауреат атанды. Олардың өкілдеріне сыйлықты корпорацияның вице-президенті, белгілі қазақстандық металлургтер әулетінің өкілі Асқар Мәткенов табыс етті. «БАҚ-тарда Қазақмыс Тобының қызметін және әлеуметтік жобаларын жазып көрсетудің үздігі» аталымы бойынша сахнаға төрт же­ңімпаз қатар шақырылды. Олар павлодарлық «Звезда Прииртышья», балқаштық «Пульс» және өскемендік «Дидар» мен «Рудный Алтай» газеттері болып шықты. Бұл төрт жеңімпаздың өкілдері марапатты Қазақмыс өңірлік кәсіп­одақ ұйымының төрағасы Төреқожа Тілемі­совтің қолынан алды. Бұдан кейінгі «Өңірлік Қазақмыс Тобының қызметін жедел көрсеткені үшін» аталы­мын­дағы лауреаттарды Қазақмыс Тобының энер­гетикалық саласының басшысы Николай Коробовский марапаттады. Өкінішке орай, Қара­ғандыдағы «Қазинформ» ақпараттық агент­тігінің тілшісі Валентина Елизарова салта­нат­ты рәсімге келе алмай қалған екен. Әйткенмен, осы аталымның басқа жеңімпаздары, Вален­тинаның жерлестері – «Қазақстан» телеар­насының Қарағандыдағы тілшілер қосыны ұжымының өкілі мен Павлодардағы «Интерфакс» агенттігінің тілшісі Марина Попова осы арадан табылды. Бұдан соң Қазақмыс Тобы лауреаттары қатарынан «Интерфакс ақпараттық агентігінің тілшісі Светлана Кулагина және оның «Ирбис» агенттігіндегі әріптестері, «Қазақстан іскері» және «Бизнес и Власть», «Айқын» және «Деловой Казахстан», «Индустриальная Караганда», «Курсив» газеттері, «Дидар» телеарнасы, «Эксперт-Казахстан» журналы орын алды. Осынау жеңімпаздардың өкілдерін Қазақмыс стипендиаты, спорт шебері, велоспорттан Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері Татьяна Ульбрихт, Қазақмыс Тобының Қазақстандағы корпоративтік байланыстар департаментінің же­текшісі Мақсұт Жапабаев, таеквондодан елі­міздің сегіз дүркін чемпионы, Орталық Азия ойындарының жеңімпазы, компания қызмет­кері Нұрлан Шегетаев, корпорация әкімші­лі­гі­нің жетекшісі Серік Тұрдалиевтар құттықтады. Қарағанды өңірі бойынша маңызды мара­патқа Қазақмыстың әрбір айтулы оқиғасын қалт жібермейтін «Хабар» агенттігінің қағылез тілшісі Владимир Магай ие болды. Бұл жолғы құттықтау кезегі ұзақ уақыт Қарағандының көмір өнеркәсібінде істеген, Қазақмыстың сол аймақтағы өкілі болған, қазір заң шыға­рма­шы­лығымен айналысып жүрген ел Парламентінің сенаторы Юрий Кубайчукке берілді. Мінеки, салтанатты рәсімнің шарықтау ша­ғы да жетті. Жиын төріне қайтадан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай шықты. Төраға «Шынайы жария­ла­ным қағидаттарына адалдығы үшін» аталы­мы бойынша Қазақмыстың Гран при сый­лығын «Панорама» апталығының тілшісі Елена Бутыринаға табыс етті. Көңілді де көрікті кеш жалғасып жатты. Біз одан Қазақмыс пен отандық бұқаралық ақпарат құралдарының күн өткен сайын жақсара түскен достық қарым-қатынастарының өрнектерін көрдік. Қорғанбек АМАНЖОЛ.