Облыс орталығында орналасқан Павлодар аудандық емханасында жастарға арналған денсаулық орталығы ашылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ардақ Күзековтің айтуынша, бұл орталық елімізде қабылданған “Саламатты Қазақстан” денсаулық сақтау ісін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында қолға алынды.
Ал бұл орталықтың мақсаты – жасөспірімдер, жастармен науқасқа шалдықпай тұрып, дені сау кездерінде дәрігерлер қабылдап, олардың психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеріп, тегін медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Ашылу рәсіміне мектеп директорлары, психологтар қатысты. Орталықта психолог, терапевт, гинеколог, уролог, тағы басқа да дәрігерлер жұмыс істейді. Қазірдің өзінде жаңадан ашылған «Болашақ» атты жастар денсаулығын сақтау орталығына ауыл, қаладан келушілерді қабылдау басталды. Орталық жастар мен жасөспірімдерге жедел көмек көрсету үшін аудандарды да аралайтын болады.
Фарида БЫҚАЙ,
Павлодар.