Кеншілер қаласы Ақсайдағы теңдесі жоқ бұл жаңа нысанды тұрғызуға «КПО б.в» компаниясы ұйытқы болып отыр. Бұл республикада қолға алынған тұңғыш қанатқақты жоба екені де көп жәйді аңғартады. Әсіресе, ол қазақстандық үлесті көтеруге айрықша септігін тигізбек.
Ақсай индустриялық технопаркі құрылысының негізі – жоғары сапалы нысандар кешені мен қызмет түрлері болып табылады. Жоба инвесторлардың арасында Қазақстан жағының шоқтығы биік болмақ. Технопарктің негізгі тіні – озық технологиялар мен маркетингтік әлеуеттер болып қала бермек. Мұндағы басты мақсат – жоғары технологиялық өнім өндіруге мүмкіндік туғызу, – деді газет тілшісіне жаңа технопарктің жәй-жапсары жөнінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаев.
Темір ҚҰСАЙЫН,
Батыс Қазақстан облысы,
Ақсай қаласы.