• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2011

Жайыққа шабақ жіберілді

585 рет
көрсетілді

Жыл сайын Атыраудағы бе­кіре өсіру зауытында 7 миллион шабақ өсіріледі. Жай балықтың шабағы емес, бекіре тұқымдас балықтардың шаба­ғын өсіруде атыраулық балық­шылар әжеп­тәу­ір тәжірибе жи­нақтап қалып­ты. Былтырға дейін арнайы зау­ыттың жасан­ды су тоғандарында балық шаруашылығы саласын­дағы ға­лым-мамандардың бақы­ла­уы­мен өсірілген шабақтар ал­ғаш рет Каспий теңізіне жіберілген бола­тын. Енді биыл қайтадан сондай шабақтардың бір бөлігі, дәлірек айтқанда, 3,5 миллион данасы Жай­ық өзенінің айды­нына жіберілді. Зауыт директоры Рашидин Ка­лимуллиннің айту­ынша, бұл ша­бақтар 45 тәулікте 12-15 грам­­­­дық салмақ құрайды ек­ен. Биыл­ғы жылы да мемлекеттік тап­сы­рыспен 7 миллион бе­кі­ре балық­та­рының шаба­ғын өсі­руге тапсы­рыс берілген. Осын­­ша көлемдегі тап­сы­рысты ор­ын­­дау­ға аталған зау­ыттың то­лық мүмкіндігі бар. Жайық өзеніне шабақ жіберу шарасына қатысқан Ау­ыл шаруа­­шылығы министрлігі ба­лық ша­руашылығы комитеті төр­ағасы­ның орынбасары Бау­ыржан Жұ­мажановтың пікірінше, алдағы кезеңде мемлекет тарапынан бекіре тұ­қым­дас балықтар шаба­ғын өсі­руге баса көңіл бөлінгелі отыр. «2012 жылы Атырау об­лы­сын­да жаңадан бой көте­ретін ша­бақ өсіру зауытының құры­лы­сы басталады. Бұл зау­ыттың қуаты қазіргі зауыт­тарға қара­ғанда әлдеқайда молырақ бо­ла­­­ды. Яғни, жаңа зауытта жы­лына 30 миллион шабақ өсіру көз­де­луде. Қазір зауыт құры­лы­­сының жобалық құжаттары мен бюджеті нақ­ты­лануда. Бұ­ған қоса бұрын­нан жұмыс жасап тұрған екі зауыт қайта жаң­ғыртудан өткізілмек», деді ол. Ал зауыт директоры Рашидин Калимуллиннің айтуын­ша, ал­да­ғы уақытта тағы да 3,5 миллион шабақ су айды­нына жіберіледі. Бірақ оларды Жай­­ық өзеніне емес, Каспий теңі­зі­не жіберу жос­парланып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.