• RUB:
    5.36
  • USD:
    480.55
  • EUR:
    533.75
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №254

405 рет
көрсетілді

2011 жылғы 14 наурыз,   Астана, Үкімет Үйі «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №218 қаулысымен бекітілген Cалалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысымен бекітілген Толық мәтіні