• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №237

390 рет
көрсетілді

2011 жылғы 9 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлік пен шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2101 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №59, 511-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлік пен шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Толық мәтіні