• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2011

Полиэтилен құбырлар – ел қажетіне

811 рет
көрсетілді

Ақжайықта елге аса қажет тағы бір индустриялық-инно­ва­циялық жоба іске асты. Бұл Орал сауда-өнеркәсіп компания­сының конвейірінен тұтынушы­лар­ға тартылған  диаметрі 630 мил­лиметрлік полиэтилен құ­быр­­лары. Мамандардың мәлімдеу­ін­­ше, жаңа отандық өнімнің с­а­па­сы өте жоғары. Ол таби­ғат­тың кез келген қытымыр жағ­дай­ла­ры­на төтеп бере алады. Әрі жо­ғары-төменді температу­ра­дағы ыстық пен суыққа бірдей тө­зім­ділігімен ерекшеленбек. – Бүгінгі таңда полиэтилен құбырлардың пайдаланыл­май­тын саласы кем де кем. Ол су, газ, кәріз, ылғалды жерді құр­ғату жүйелерінде және телекоммуникацияда қолданылады. Сон­дай-ақ, оның құрылыс, мұнай-газ өндірістеріне де тигізетін пайдасы мол. Өнім сыртқы жағ­дайларға зиянды әсерін тигізбейді. Экологиялық тұрғыдан таза. Қолданылу мерзімі елу жылдан асып түседі, – деді газет тілшісінің сауалына орай аталған компанияның басшысы Валерий Крылов.  Ең бастысы, аталған жоба импортты алмас­ты­ру секілді мемлекеттік маңы­зы бар іске септігін тигізбек. Нақтырақ айтқанда, осы кезге дейін мұн­дай құбырлар елімізге Ресейден және Әзербайжан мен Түркия­дан сатып алынып тасы­мал­данып келген. Бүгінде рес­пуб­ликада ауыл тұрғындарын сумен қамтуды жақсартуға Ел­ба­сы мен республика Үкіметі ай­рықша көңіл бөліп отырғаны белгілі. Бұл жөнінде «Таза су», «Ақбұлақ» секілді арнайы бағ­дарламалар жасалып іске асып келеді. Сондай-ақ, елді мекендерді толық газға көшіру ісінің әлеуметтік маңызы да жоғары. Міне, осындай ел тұрғын­да­ры­на қажет мемлекеттік бағдар­ла­маларды жүзеге асыру бары­сын­да полиэтилен құбырлар сұ­раныс пен қажеттілікті өтей алады. Оның тигізетін пайда­сын тек ауылмен шектей салуға болмайды. Республика қалала­рын­дағы жерді құрғату (дренаж) мен коммуналдық жүй­лерде мұндай отандық өнімнің қажеттілігі айқын көрінуде. Қандай өндіріс орны бол­масын – ол ұдайы үнемділік пен тиімділікке қол жеткізу  бағы­тын ұстанбаса, қазақы ұғымға сайғанда, бәйгесі алысқа бар­майды. Жобаны жүзеге асыр­ған­дар мәселенің мұндай мәнісіне де мән бере алғаны сүйсіндіреді. Оралдық жаңа өндіріс ошағы­ның артықшылығы сонда – осында орналасқан озық тех­ноло­гиялық желінің көмегімен жұмсалған барлық ресурс­тардың он бес пайызын үнем­деуге мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде шығарылған өнімнің өзін­дік құнын сәл де болса тө­мендетуге жол ашылады деген сөз. Қазір батысқазақстандық ком­пания өз өнімдерімен тек өңірдің ішкі қажеттілігін өтеп қана қоймай, оны Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Қарағанды облыстарына жеткізуде. Елбасының тікелей тап­сырмасына сәйкес өміршең жоба иелері алдағы уақытта өн­діріс қуатын төрт есеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Әрине мұндай жағдайда олар тек бір ғана диаметрі 630 миллиметрлік полиэтилен құбырлар шыға­румен шектеліп қала алмайды. Өндіріске тың, жаңаша көзқа­рас­тың қажеттілігі де осында. Сөйтіп кәсіпорында өндіріс қуа­тын жоғарыда айтылған кө­лемде көтеру бағытында нақты іс-шаралар белгіленген. Соның бірі диаметрі алдыңғы өнімнен екі есе үлкен полиэтилен құ­бырлар шығару болмақ. Мұның сыртында әйнек пен талшықтың қоспасынан жасалған құбыр жобасы да қоса ойластырылуда. Дәл бүгінгі күні қазақ­стан­дық кәсіпорын өздеріне қажетті шикізатты республикадан тыс жерден тасымалдап жеткізуде. Әйтсе де олардың шикізатқа деген мұндай тәуелділіктен құты­латын күні де алыс емес екені көңілге үлкен медеу. Бүгінде көршілес Атырау облысында газ-химия кешенінің құрылысы басталғаны белгілі. Осы нысан іске қосылған кезде оралдық өндірісшілер полиэтилен ұнтақ­тарын аталмыш кешеннен ал­мақ. Сол кезде қазір 67 пайыз құрап отырған қазақстандық үлес 100 пайызға жеткізілмек.  Бүгінде Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы өз өнімдерін көрші­лес Ресей облыстарына экпорт­тауды көздеп отыр. Полиэтилен құбырларға  деген сұраныс күн сайын өсіп келеді. Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.