• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Конституция – болашақ кепілі

2261 рет
көрсетілді

Қолданыстағы Консти­ту­­ция­мыз­дың бірауыздан қа­­был­дануы еліміздің тари­хын­дағы өте ма­ңызды оқиға екен­ді­гін төрткүл дүние мо­йындап отыр. Ата Заңымыз бірлікті ны­ғайтуға, мемлекеттік құры­лым, қоғамдық, саяси жүйе­нің негізгі қағидат­тарын бекітуге ба­ғыт­талып, қойған міндеттер күннен-күн­ге іске асып келе жат­қа­нын көріп жүр­міз. Сөйтіп, бүгінгі күні Конс­титу­циямыз демо­кра­тиялық қо­ғам­ның негізгі та­лап­тарына сәйкес келетіндігін жан-жақ­ты танытты. Конституцияға сәйкес мемлекеттегі би­ліктің біртұтастығы жарияла­нып, заң шы­ғару, атқарушы және сот билігі тармақ­тарына бөлініп, олар­дың кон­с­титуциялық өкілеттіктері айқын­дал­ған. Конститу­ция­ның IV-тарауының ережесіне сәйкес мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекше орын Парламентке беріліп, оның өкілет­ті­лігіне бүкіл мемлекеттік те­тіктің ұйым­дас­тырылуы мен қыз­метін негіздейтін заң­дарды талқылау тапсырылды. Дүние жүзі тарихында ең алғашқы Парламент 13 ғасырда қалыптас­қаны­мен, оның әр түрлі елдердегі құры­лы­мы, қызметтері, сайлану түрлері және қоғам­мен байланыс үлгілері әлі күнге қалып­тасу және даму деңгейінде. Ал біздің мемлекетіміздегі парламентаризм тарихына көз жүгіртсек, өкiлдi билiк­тің нышаны Көне Түрiк қағана­ты­нан бастап кейiнгi қазақ хандық­та­рында да болған. Ол кезде мемлекеттік саяси мә­селелер алқалы жиын – құрылтай ша­қырылуы арқы­лы шешіліп отырған. Кеңес одағы кезінде 1920-1937 жыл­дар арасында Қазақ Орталық Ат­қару Комитеті, ал 1938 жылдан Жо­ғарғы Кеңес – бір палаталық жо­ғар­ғы заң шығарушы жә­не өкiлдi орга­ны болды. Бұл орган 1937 жыл­ғы және 1978 Қазақ КСР Конс­ти­туция­лары­ның негізінде қызмет еткен еді. Бар би­лік Коммунистік партияның қолында бол­ғандықтан Жоғарғы Ке­ңес заң шы­ға­рушылық және өкіл­дік функ­ция­ларын еркін орындай алған жоқ. Оның тағы бір себебі, Жоғарғы Кеңес тұ­­рақ­­ты орган ретінде жұмыс істемеді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сі­нің Прези­диу­мы қолданыс­тағы заң­дар­ға тиісті өзге­ріс­терді енгізіп, Жо­ғар­ғы Кеңес­тің бекітуіне ұсынатын. Жоғарғы Кеңес бірнеше күн ғана өтетін сессияларында заң жобаларын үстірт қарап, бекітіп тұрды. Қазақстан егемендік алғаннан кейін де заң шығарушы және ең жо­ғар­ғы өкiл­дi орган ретінде Жоғарғы Ке­ңес жұмыс атқа­рып келді. Бұрынғ­ы қоғам­дық құры­лыстан қал­ған бұл орган егемен елдің жаңа сая­сатына лайықты болмаған­дық­тан 1993 жыл­ғы желтоқ­санда өзін өзі таратып жіберді. Кеңес одағынан кейінгі бірінші рет 1993 жылғы қабылданған Қазақ­стан Рес­пуб­лика­сы Конституциясы негізінде сай­лан­ған Жо­ғар­ғы Кеңес ең бірінші тұрақты заң шы­ға­ру­шы әрі өкілді орган болды жә­не көппар­тия­лық негізде құрылды. Сөйтіп, еге­мен ел­дің ал­ғашқы Консти­ту­ция­сы пар­тиялардың билікке қол­жетім­ділігі мен сая­си мүм­кін­дік­теріне жол ашты. Алайда, бұл Конституцияда көптеген қайшы­лық­тар кездесіп, мем­­­лекеттік құрылым, қоғам­дық, сая­си жү­йе­нің негізгі принциптері нақ­ты анық­тал­маған кез еді. Конс­ти­ту­ция­ға сәйкес Жо­ғарғы Кеңес­тің бұрын­ғыша өкілеттілігі кең болды. Бұл жағ­дай билікті бөлу қағидатына және құқықтық мем­ле­кет­тің басты белгісі – тежемелік және те­пе-теңдік принципіне қайшы кел­ді. Бұның соңы Жоғарғы Кеңес­тің жұ­мы­сын тоқта­туы­на әкеліп соқты. Ал ал­ғаш­қы Конс­т­и­туцияның кемшіліктері мем­­лекеттік құры­лым­ның нақ­ты­лануын талап етті. Жаңа Конституцияның жобасы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бас­шы­лығымен арнайы құры­ған кеңес­пен әзір­ленді. Арнайы ке­ңес­тің жұмы­сы­на өз елі­міздің және шетелдердің ғалым­дары мен са­рап­шылары тартылып, көп­те­ген мем­лекет­тердің конституциялары зерделенді. Соны­мен қатар, Конституция жоба­сы қо­ғам­да кең талқыланып, азамат­тар­дың мың­даған ұсы­ныс­тары есепке алынды. 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкіл­ха­лық­тық референдумда қабыл­дан­ған Конституция елдегі қоғамдық-саяси құры­лыс­ты тү­бегейлі өзгертті. Жаңа Конституция Азия елдеріне тән қасиеттерді есеп­ке ала оты­рып, еуропалық дәстүрлерді, батыс демо­кра­тиясының үлгісін де біріктірді. Ата Заң ел тарихында мемлекеттік басқаруда жо­ғар­ғы өкілетті органын белгілеу үшін «парламент» ұғымын алғаш рет қолданды. «Қазақстан Рес­пуб­ли­касындағы сайлау ту­ра­лы» заң күші бар Жарлық қабыл­да­нып, 1995 жылдың соңында Парламент де­путат­та­рын сайлау өткізілді. Осылайша би­ліктің үш тармағының, соның ішін­­де Пар­ламент­тің заң шығарушы және ең жо­ғарғы өкiлдi орган ретінде жаңа қо­ғам­­дық-саяси құры­лыс­та жұ­мыс істеуіне негіз қа­ланды. Пар­ла­менттің басты мақсаты саяси күрес емес, елдегі эко­но­­ми­ка­лық және саяси ре­фор­ма­лар­ды іске асыру­ға қа­жет­ті заңдар­ды қабыл­дау­ды алға қойып, де­мо­кра­­тия­ның ажыра­мас бөл­ігі ретінде мемлекеттік би­лiк­тiң басқа тар­мақ­тары­мен үйле­сімді қызмет етуін­­де болды. Парламенттің екі па­ла­талы моделін құру қа­жет­тігі заңдардың сапалы қа­был­­дануын көз­дей­ді. Екі па­латаның қарауынан өт­кен заң жо­ба­лары қайтсе де тереңірек саралаудан өтеті­ні анық. Сонымен қатар, Парламенттің кәсі­би­лігі де оның ерекшелігіне жа­та­ды. Заң жоба­лары­ның Парламенттің сала­лық комитеттерінде қа­ралуы, әр саланың білікті маман­дары­ның са­рап­тауы­нан өтуі де тиімді тәртіп бо­лып са­на­ла­ды. Палата­лар­дың ара­сын­да­ғы келісім про­це­дура­ла­рын заң­дар­дың са­па­сына септігін тигізетін саты­лар­дың бірі деп көрсе­ту­ге болады. Осылайша, бүгінгі күні Консти­ту­­ция­мыз­бен белгіленген тәртіпте қа­был­­да­нып отырған Қазақстан Рес­публикасы заң­дары халықаралық үл­гілерге сәйкес келеді деуге болады. 1998 жылғы 7 қазанда Консти­туцияға өз­ге­рістер мен толықты­ру­лар енгізілген бо­ла­тын. Өзгерістер мен толықтырулар қос палата қыз­меті­нің мерзімі, депутат­тары­ның сай­­­­лануына, Үкімет мүше­лері­не құ­зы­реті шегінде анағұрлым кең дербестік беру, әкім­дер­ді сайлау тәртібін бекіту мәселелеріне қатысты болды. Осылайша 1999 жылы Орталық Азияда алғашқы рет Қазақстан Мә­жі­лісіне сая­си партиялардың құрылу процесін тездеткен және жандан­дырған пропор­ционалды өкі­лет­тік негізінде партиялық тізім бойынша сайлау өткізіліп, 10 депутат сайланды. 2007 жылғы 21 мамырда «Қазақ­стан Республикасының Консти­ту­ция­сына өзге­ріс­тер мен толықтырулар ен­гізу туралы» Заңмен Консти­ту­ция­ға жаңа маңызды өз­ге­рістер енгізілді. Бұл конституциялық ре­фор­­ма кезінде негізгі мемлекеттік құры­лым нұсқасы өзгермеді, бірақ көптеген түбегейлі өзгерістер енгізілді. Соның ішінде билік қарым-қатынасы жүйе­сі­н өзгер­ту­ге, Пар­ла­менттің рөлі мен ықпалының кү­шей­тілуіне, құзы­реті­нің біршама кеңей­тілуіне, бас­қаруды президенттік ныса­ны­нан президенттік-парламенттік жүйеге қа­дам жа­сауы­­на мүмкіндік берді, жергілікті өзін-өзі бас­қару органдары­ның жүйе­сін жетілдіруге, сот-құқық­тық рефор­ма­сын жал­­ғастыруға және сот төрелі­гінің тәуел­сіздігін нығай­ту­ға бағыт­талған тұстарын атап өту керек. Аталып өткен конституциялық тү­зе­ту­лер­ге сәйкес 2007 жылдың 18 та­мы­з­ын­да Мә­жіліс депутаттарын ең ал­ғаш рет сайлау партиялық тізім бо­йынша және про­пор­ционалдық сайлау жүйесі бо­йын­ша өтті. Парламент конс­титуциялық құ­зы­реті шегінде Үкімет пен Президентке ықпал ете ала­ды. Соның ішінде Пре­зи­денттің ұсы­ны­сы бо­­йынша Конс­ти­ту­цияға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу, Үкімет пен Рес­пуб­ли­ка­лық бюджет­тің атқарылуын ба­қы­лау жөнін­дегі есеп ко­ми­тетінің рес­пуб­ли­калық бюджеттің атқарылуы ту­ра­лы есептерін бекіту немесе бекітпей тастау, Президентке оның бастамасы бойын­ша сәйкес дауыс беру бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге заң шы­ғару өкілеттігін беру, со­ғыс және бітім мәселелерін шешу, Конс­ти­туция­лық Кеңес­тің елдегі консти­ту­циялық заңдылықтың жай-күйі тура­лы жыл са­йын­ғы жолдауын тыңдау сияқты өкілет­тік­терді жүзеге асырады. Бұдан басқа Парламент алдында Үкі­мет бюджет жүйесі жөнінде жауап­ты. Парламент атқарушы билікті құру­ға Премьер-Министрді та­ғайын­дауға келісім беру ар­қы­лы қатысады. Бұл жерде тежемелік жә­не тепе-теңдік прин­ципінің сақталуы көрі­ніс алған. Саяси тұрғыда Парламенттің негізгі функ­ция­лары заң шығарушы және өкілетті, парламенттік бақылау және мемлекеттік жоғары органдарының лауазымды тұлғаларын кадр­лық мәсе­ле­сін шешу бо­лып табылады. Тиіс­ті лауазымды тұлға­лар­ды қызметке таға­йын­дау палатаның оты­ры­сында жүзе­ге асырылады. Оған дейін лауа­зымды тұлғалардың канди­да­ту­ра­лары тура­лы мәселе палата бюросының шешімімен белгіленген палатаның тиісті тұ­рақ­ты коми­тетінің отырысында талқы­ла­на­ды. Нәти­жесін­де комитет әрбір талқы­­лан­ған кандидатура бойынша палата оты­ры­сында жария етілетін қоры­тынды шығарады. Конституцияға сүйенсек, заң шы­ға­ру баста­масы құқығы республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжі­лісте жүзеге асы­ры­ла­ды. Парламент­тің заң шығару­шы­лық функ­циясы аса ма­ңызды және ауқым­ды функция­лары­ның бірі. Конституцияда көр­се­тілген депутаттардың өз қа­лауын­ша заң жоба­ларын ұсына алу құқығы заң шы­ғару­шылық бас­та­масын қамтамасыз етуде маңызды болып табылады. Депутаттар сай­лау­шы­лармен ты­ғыз байланыста, нақ­­ты бір жағ­дайларға хабардар, соң­дықтан жаңа заң жоба­сын енгізіп немесе келіп түскен заң жобасына өзінің ұсыныстарын бере отырып, қоғамның әр алуан тобының мүдделерін мемлекет мүд­десімен бай­ла­ныс­тыра отырып, қажетті заңның қа­был­дануына кепіл бола алады. Өкілді қызметін орындауда парламентті ешқандай басқа конституция­лық институттармен салыстыруға бол­майд­ы. Парламент депу­тат­тары бір жағынан өз сайлау­шы­ларының – жал­пы халықтың өкілі және оның мүд­де­лерін қорғаушы және оған қыз­мет етуші тұлғалар болып табылса, екін­ші жағынан партия мүдде­лерін жүзеге асырушы және қоғам айнасы бо­лып табы­ла­ды. Бұл тұрғыда «Қазақ­стан Рес­­пуб­ли­ка­сының Парламентi және оның депу­тат­тары­н­ың мәртебесi тура­лы» Конститу­ция­лық заңымен белгіленген мемлекеттiк ор­ган­дардың лауа­зымды тұлғаларына депу­таттық сұрау салу құқығының ерекше мәні бар. Ха­лық­тың өкілі ретінде депутаттар тиісті атқа­ру­шы органның немесе лауа­зымды тұлға­ның құзыретiне кiретiн мәсе­ле­лер жөнiнде түсiнiк­теме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми талап ете алады. Өздерiне сұрау са­лын­ған лауа­зым­ды тұлғалар Парламент сессия­сында ол жөнiнде ауызша немесе жазбаша жауап қайтаруға мiн­деттi. Бұл да демократиялық мемле­кет­тің, яғни халықтың өз өкілдері арқылы билікке қол жетімдігінің көрінісі. Парламенттің өкілді қызметін ат­қаруда оның жанынан құрылған «Нұр Отан» ХДП-ның фракциясының рөлін атап өту керек. Фракция мүшелері көптеген іс-ша­ра­ларға, оның ішінде фрак­ция жұмысына қатысты отырыс­тар, әзірленіп және қара­лып жатқан заң жобаларына қатысты тал­қылаулар, әлеу­мет­тік, ақпараттық-наси­хат­тау жә­не азамат­тарды қабылдау шара­лары­на белсенді қаты­са­ды. Биылғы жылдың өзінде фракция мүшелері 897 елді-мекендерге барып, азаматтармен 1824 кез­десу жүргізіп, 3383 өтініш қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттің ха­лық­­ара­­лық қатынастарында парла­мент­­ара­лық жұмы­сының маңызды­лы­ғын да атап өткен жөн. Қазақстан Парламенті екі­жақ­­ты және көп­жақ­ты ба­ғыт­тар бойын­ша белсенді парла­мент­аралық жұмыс ат­қарып келеді. Көпте­ген ел­дер­дің парламенттері Қазақстан Парламентімен қа­рым-қатынас жасау­ға ниет білдіреді. Мә­жілісте басқа ел­дер­дің парламенттерімен қарым-қаты­нас жасау бойынша парла­мент­ара­лық топтар құрылған. Сонымен қатар Парламент парламентаралық ұйым­дарға да қаты­са­ды. Соның ішінде, ТМД қатысу­шы-мемле­кет­тері Парламентара­лық Ас­сам­блеясы, ЕурАзЭҚ-тың, ҰҚШҰ-ның, НАТО-ның, ЕҚЫҰ-ның, Еуропа­лық ке­ңес­тің және тағы басқа ұйым­дардың парламенттік ассамблея­лары­ның мү­ше­сі. Бұл шаралар әртүрлі ел­дердің арасын­дағы ынтымақтас­тықты нығайтып, пар­ла­мент­аралық қа­рым-қа­ты­настың тиімділігін артты­рып, әр ел­дің ұлттық заң­намасын жақынд­ас­ты­ру­ға және үндес­тіруге ықпалын тигізеді. Жалпы төртінші сайланған, яғни қазір жұмыс істеп жатқан Парламент соңғы төрт сессия кезінің өзінде-ақ 441 заң қабыл­да­ған, оның 1-і Конс­ти­туцияға, 8-і Консти­ту­ция­лық заң­дарға өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы, 41-і негізгі заң, 165-і заңдарға өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу, 222-і заң ратификациялау бойынша қабылданған жә­не 4 заң­ның күші жойылған. Алайда, Парламент жұмысының тиім­ділігінің көрінісі қабылданған заң­дар­дың санында емес, сапасында. Әлем­дік эко­но­мика мен саясатта бо­лып жатқан іргелі өзгерістер, жа­һан­дану процестері, сон­дай-ақ елдің ішкі даму серпіні ұлттық заңнаманың одан әрі жетілдіру қажет­тілігін талап етеді. Сондықтан, осы күнге дейін Парламент іргесінде қа­лыптас­қан тәжірибені пайдалана отырып, кемшіліктерге жол бермей, заңдардың сапасын одан әрі көтеру керек. Мемлекетімізде заңдылықтың ор­ны­ғуы, адам құқықтары мен мү­д­де­лерінің жүзеге асырылуына жағ­дай жасалуы, халықтың әл-ауқа­ты­ның жақсаруына негіз болады. Ал, атал­ған мақсатқа қол жеткізуге мем­ле­кеттің дамуына бағыт беруші – Конс­титуцияның нормалары мен прин­циптерінің бұлжытпай орын­далуы мүмкіндік береді. Рамазан СӘРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы төралқасының мүшесі.