• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №907

2067 рет
көрсетілді

2010 жылғы 23 қараша,  Астана қаласы

Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес, ведомстволық статистикалық байқауларды жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Стационарларда және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Басқа үлгідегі медициналық ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасы; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Сот-медициналық сараптама ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасы; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Медициналық ұйымдардың құрамындағы зертханалардың медициналық есепке алу құжаттамасы; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қан қызметі ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасы бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың басшылары осы бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарын денсаулық сақтау ұйымдарында енгізсін және бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 7. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   Министрдің міндетін атқарушы Б.САДЫҚОВ.  

Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы «23» қарашадағы

№ 907 бұйрығына

8-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

күші жойылған бұйрықтардың

тізбесі

 

1) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығы; 2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» министрдің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 450 бұйрығы; 3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 488 бұйрығы; 4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 523 бұйрығы; 5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» министрдің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 809 бұйрығы; 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 861 бұйрығы; 7) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № 86 бұйрығының 1- тармағының 1) тармақшасы; 8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 288 бұйрығы. Толық мәтіні