2011 жылғы 25 маусым , Астана, Үкімет үйі
«Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «1,6-дан» және «2,2-ге» деген сөздер тиісінше «1,7-ден» және «4-ке» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.