• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2011

«Жұмыспен қамту-2020»: оның тиімділігі неде?

418 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың тікелей тапсырма­сы­мен қолға алынған бұл бағдар­ламаның ар­қасында алдағы уа­қытта мыңдаған тұрақты жұмыс орны ашылатыны қуантарлық жаңалық. Жаңа жоба, жаңа жұ­мыс орындары жаңа мүм­кіндік­тер тудырмақ. Бұл жұ­мыс орын­дары қарапайым халықтың игілігіне бағытталған. Жұмыссыз­дар, жалақысы төмен, аз қам­тылған азаматтар мен өз бетінше жұмыс істеушілер үшін лайықтап жасалған. Айта кету керек, жұ­мыссыздардың 71 пайы­зын ауыл тұрғындары құ­рап отыр. Бұл ретте бағдарлама ауылдықтарды жұмыспен қам­тып, тұрмыстық жағдайын кө­теруге бағытталып отыр. Тағы бір мәселе, жұмыссыздардың 76 пайызының жоғары білімі жоқ, тек мектеп аттестаты ғана бар азаматтар болып табылады. Біліктілік тұрғысынан қарасақ, оларды жұмыспен қамту үшін, алдымен белгілі бір мамандық­қа оқыту керек. Бұл ретте, ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімді­лігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек рыногында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз бо­лып табылады. Еңбек рыно­гын­да қалыптасқан мұндай ахуал­дың тікелей салдары кедейлікке әкеп соқтырады. 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз. Сондықтан өз бетінше жұмыс­пен айналысушылар, жұмыс­сыздар және табысы аз адамдар бағдарлама аясында 5 жылдан аспайтын 3 млн. теңге шағын несие ала алатын болады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін жолдар, жылумен және сумен жабдықтау, телефон және электр желілеріне жетіспейтін инфрақұ­ры­лымды салу сынды қосымша қолдау да көрсетіледі. Бұл тәуел­сіздік жылдары алғаш рет жа­салып отырған қадам. Бағдарла­маның аясы өте ауқымды бол­ғандықтан, оның орындалуын жіті қадағалап, бөлінген қаржының талан-таражға түсіп кетпеуі үшін «Нұр Отан» ХДП-ның жанында арнайы комиссия құрылды. Сон­дай-ақ жобаның орындалуын Үкі­мет басшысы Кәрім Мәсімов­тің өзі қадағалайтын болады. 2008 жылдың күзінде жұмыссыз­дардың саны 559 мыңға жеткен еді. Сол кезде Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша «Жол кар­тасы» жобасын жүзеге асырған болатын. Кәрім Қажымқанұлы: «Бағдарлама тиімділігін көрсетіп, жұмыссыздардың саны әлдеқай­да қысқарды. Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың еңбекке жарам­ды бөлігінің ішіндегі жұмыссыз жүргендер 5,7 пайызды құрай­ды», – деп ел игілігіне жасалған бағдарламалардың барлығы жемісті болатынына сенім білдір­ген-ді. Ал алғашқы бағдарлама­лар­дан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының айырмашы­лы­ғы қатысушылар кәсіпкерлік біліктілік тұрғысында, не болмаса, техникалық мамандықтар бойын­ша оқу курстарына қатыса алады. Оның арты міндетті түрде жұ­мыспен қамтылатыны тағы бар. Қысқа мерзімді оқу курстарын Үкімет қаржыландырады. Тіпті, олардың оқу орнына дейінгі жолақысы мен баспанасын да билік қамтамасыз етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова: «Ел­басы тапсырмасы бойынша әзір­ленген жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы шамамен 200 мыңдай адамды қамти­ды», – деп өз сөзінде көрсетіп өтті. Ең алдымен жұмыс іздеушілерге бірінші кезекте мемлекеттік индустрияландыру картасы нысандарынан жұмыс ұсыныла­ды. Ал егер өңірде қолайлы жұ­мыс орны табылмаған жағдайда бағдарламада ол елді мекеннен жұмыс қолына сұраныс жоғары жерге көшіру қарастырылған. Ауылдарда өз кәсібін бастаймын деушілерге де жол ашық. Олар кәсіпкерліктің негіздерін үйреніп, жаңа бизнес ашу үшін немесе бұрынғысын кеңейту мақсатында шағын несиелер ала алады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.