• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2011

Халықаралық байқаушылар тіркелді

324 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комис­сиясы үстіміздегі жылдың 19 тамызында өтеді деп белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйым­дар­дың байқаушыларын аккредиттеу туралы мәселені қарады. Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Қуандық Тұр­ған­­құлов күн тәртібіндегі м­ә­се­лені жария еткеннен кейін қа­тысу­шы­лар алдында ОСК мү­шесі Татьяна Охлопкова баяндама жасады. Оның хабар­лауынша, еліміз сырт­қы саясат ведомствосының ұсынысымен Парламент Сенаты депутат­та­рын сайлау барысын ба­қылау үшін Орталық сайлау ко­мис­сиясы жанынан халық­ара­лық ұйымдардан 68 байқаушы тір­келген. Сонымен қатар, Сенат сай­лауына байқаушы ретінде қатысу үшін Сыртқы істер министрлігінде тұрақты негізде 181 шетелдік бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері тіркелгендігі бел­гілі бол­ды. Орталық сайлау ко­миссиясы мү­шелері ха­лықара­лық ұйымдар­дың бай­қау­шыларын аккредиттеу туралы күн тәртібін­дегі мәселені бір­ауыз­дан қабылдады. Салыстырмалы түрде алар бол­сақ, 2008 жылғы Сенат депу­тат­тарын сайлауда шетелдік бұ­қара­лық ақпарат құралдарының 136 өкілі және халықаралық ұйым­дардан байқаушы ретінде 58 адам тіркеуден өткен екен. Осы ретте шетелдік бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының өкілдері байқау­шы­лар сияқты сайлау барысын еркін бақылай алатынын айта кету керек. Байқаушыларды аккредиттеу 13 тамызда толығымен аяқталатын болады. Сондай-ақ, кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ТМД Миссиясы штабының басшысы – ТМД Ат­қару комитетінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердегі Байқаушылар мис­сиясының ұйымдастыру-тех­ни­калық қамтамасыз ету жөнін­дегі бөлімінің басшысы Е.Слобода мен осы миссия штабының мүшесі, ТМД Атқару комитеті­нің сараптамалық-құқықтық бө­лі­мі­нің кеңесшісі Е.Козякты қа­былдады. Аталған екі байқаушы да ұшақтан түсісімен кездесуге келіпті. Олар осында байқаушы куәлігін алды. Қ.Тұрғанқұлов ОСК ТМД миссиясына сайлау барысын бақылауда ұйымдас­тыру жөніндегі ақпараттық және өзге де көмектерді көрсетуге дайын екендігін білдірді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.