• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2011

Филиалдың жаңа төрағасы

328 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партия­сы­ның басшысы Азат Перуашевтің төрағалығымен партия­ның кезектен тыс облыстық конференциясы бо­лып өтті. Шараға Жаңаарқа, Қар­қа­ралы, Осакаров, Шет, Ақтоғай ау­дан­дарынан, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Саран қалаларынан сай­ланған 65 делегат қатысты. Атап айту керек, бұл партияның аймақтарда жүргізген алғашқы бас­қосуы болды. Шараның күн тәр­ті­бін­де ағымдағы мәселелермен қа­тар, ұйымдық мәселе­лер де қа­рал­ды. Қа­ра­ғанды облы­сы­на белгілі аза­мат Жомарт Ал­доңғаровты делегаттар бір­ауыз­дан облыстық фи­лиал­ды бас­қару­ға ла­йық деп тапты. Ол әріптес­тері­нің сенім білдіргеніне ал­ғыс айта отырып, филиал жұмысын қан­дай бағытта құратын­дығын баяндады. «Егемен-ақпарат».