• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2010

ЖҮЛДЕГЕР ЖЕТКІНШЕК

3410 рет
көрсетілді

Ж.Бекше желтоқсан айында Екатеринбург қаласында өткен халықаралық жарыста ересектер арасында 200 және 400 метр қа­шық­тыққа жүзіп, 2 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізіпті. Бал­ғын спортшы Теміртауда, Павло­дар­да, Таразда өткен республи­калық жарыстардан да жеңіспен оралған. Газетіміздің тілшілер қосыны­на қол жеткізген жеңісімен қанат­тан­ған талдықорғандық жас спорт­шы Жұмағали Бекше хабарласты. Жет­­кін­шектің әже-атасының қуа­ны­шында да шек жоқ. “Шаңы­рақ” шағын ауданындағы спортта да­рын­ды балаларға арналған мек­теп-интернатында суда жүзу спорты­мен 2006 жылдан бері жат­ты­ғып жүрген жастың бүгінгі жетіс­тігі айтар­лық­тай. Ол жүзуден еліміздегі жастар мен жасөспірімдер арасын­да чемпион рекордшы болса, То­кио­да өткен Азия чемпионатында да жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Ж.Бекше желтоқсан айында Екатеринбург қаласында өткен халықаралық жарыста ересектер арасында 200 және 400 метр қа­шық­тыққа жүзіп, 2 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізіпті. Бал­ғын спортшы Теміртауда, Павло­дар­да, Таразда өткен республи­калық жарыстардан да жеңіспен оралған. – Күншығыс елінің астанасы Токиода өткен Азия чемпиона­тына қатысуыма бірден-бір себеп­кер әрі арманыма қанат бітірген – облыс әкімі Серік Үмбетов ағаның ықыласы. Додалы бәсекеге қаты­су­ға екінің бірінің қолы жете бер­мейді. Осыған дейін көп кедергі­лер­ге кездестім. Соның бірі қаржы тапшылығы. Жолым болғанда саламатты өмір салты мен спортты сүйетін, талантты жасқа сенім артатын жанның демегенін ұмыт­паймын. Үмітті ақтауға талаптан­дым. Елімнің даңқын асырған чемпиондарға еліктедім. Нәтиже­сінде жеңіспен оралып, үш бірдей қола медальға қолым жетті. Мен үшін ол алтыннан да қымбат. Қа­зір өзімнің негізгі еркін стильмен жүзу қашықтығыма жаттығу­да­мын. Бұл қашықтықта 1980 жылдан бері жасөспірімдер арасында халықара­лық рекорд жаңартыл­мап­ты. Мақ­сатым – соны өзгер­тіп, елімнің көкбайрағын жел­бірету, Отаныма деген перзенттік парызымды өтеу, өзіме жүктелген сенім биігінен көріну, – дейді балғын спортшы. Халқымыз: “Мергеннің көзі де мерген, қолы да мерген” деген ғой. Ал, оны дәлелдеп, суда ба­лық­ша жүзген, қанаты қатайып, алғашқы жеңісімен жігерленген Жұмағали Бекше Елбасының жастарға артқан сенімінен шығуға бар күш-жігерін жұмылды­раты­нын, жарыстарда бәсекелестерінің алдыңғы шебінде болатынын да сеніммен айтты. Осы орайда жанкүйерлердің талапты жасқа сәттілік тілеп, әрдайым жарыс­тар­да тауының шағылмауына тілектес екенін де айтқанымыз жөн. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.