• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2011

Бұлақ көрсең, көзін аш

386 рет
көрсетілді

Биылғы «Coca-Cola Былғары доп-2011» футбол турнирінің 6-шы маусымы Еуропаның дәстүрлі «Күз-көктем» нұсқасы бойынша өтетін болады. «Coca-Cola Былғары доп»  – 2006 жылдан бері еліміздің балалар арасында өткізілетін ең ірі футбол турнирі. Осы уақыт ара­лығында турнирге қатысушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Егер басында жарыстарға Қазақ­станның тек ірі қалаларының оқушылары ғана қатысса, енді еліміздің түкпір-түкпірінен өті­ніштер келіп түсуде. Өткен маусымда жарысқа Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қа­зақ­стан, Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Аты­рау, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қала­ларының 5 000 мектептерінен 350 000 оқушы қатысты. Өткен жыл­дарға қарағанда, турнирдің демеу­шісі «Кока-Кола» компаниясы 2010 жылғы маусымнан бастап, барлық жас бойынша финалдық ойындар кезінде қатысушыларды тегін тамақтандырып, тұратын жермен қамтамасыз етуде. Демек, ұйымдастырушылар балалардың өзін еркін сезінуі үшін қолынан келгенін жасауда. Халықаралық сарапшылар бірінші жылдың өзінде турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастыры­луын атап өтті. «Coca-Cola Был­ға­ры доптың» футбол ассо­циа­цияларының еуропалық кеңе­сі­нен алған марапаты (УЕФА пре­зи­дентінің қолы қойылған «Әлемдегі балалар-жас­өспірім­дер футболын дамыту бойынша ең көрнекті оқиға – 2006» дип­ломы) турнир өткізіліп келе жат­қан кезден бергі ең үлкен оқиға болып саналады. Бүгінгі таңда Отандық спорт­ты дамыту жөніндегі президенттік бағдарлама шеңберінде 50 қазақстандық бозбала Бразилия­ның атақты OLE Brazil мектебінде жаттығып жүр. Олардың ішінде қазақстандық алаңдарда әр­түр­лі жылдарда өткізілген турнир ойындарында өздерін жақсы жа­ғынан көрсетіп, беделді бра­зи­лиялық мектепте оқу құқығына ие болған «Coca-Cola Былғары доп» қатысушылары да бар. Турнир «түлектерінің» жар­қын үлгісі ретінде ұлттық құ­раманың ойыншысы Сергей Хижниченконы атап өтуге бола­ды. Ол 2006 жылы жоғары жас санатында «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің үздік шабyыл­шыcы болып танылған еді. Ал қазір Хижниченко – Қазақстан­ның ұлттық құрамасының үздік ойыншысы, қарағандылық «Шах­тердың» шабуылшысы, Премьер-лиганың ең нәтижелі шабуыл­шыларының бірі. 2011-2012 маусымы «Coca-Cola Былғары доп» дамуында жаңа белес болатыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, қазақстандық спорттың халықаралық сахнада артып келе жатқан даңқын ескере отырып, турнирді еуропалық «Күз-көктем» стандарты бойын­ша өт­кізу туралы шешім қа­бы­л­данды. Ұйымдастырушылар ма­мыр айына қарай барлық жастық категориялар – кіші (2000-2001 жж. туғандар), орта (1998–1999 жж. туғандар) және жоғары (1996–1997 жж. туғандар) жастық топтардың фи­налдық кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Жеңімпаз атағы мен беделінен басқа, жоғары жастaғы топтағы чем­пион командаға 2012 жылы ең атақты еуропалық футбол алаң­дарының біріне бару сияқты қо­сым­ша сыйлық ұсы­ны­лады. Бұл 30-дан артық елдердің команда­ла­ры қатысатын және биылдан бері қазақстандық «Coca-Cola Былғары доп» футбол турнирін құрамына бі­ріктірген халықаралық Copa Coca-Cola (Копа Кока-Кола) бала­лар-жасөспірімдер турнирінің ар­қа­сында мүмкін болып отыр. Дастан КЕНЖАЛИН.