• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2011

Даладағы дабылдың шешуші кезеңі

303 рет
көрсетілді

«Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығулары мәреге жетуге жа­қын. Осымен тоғызыншы рет өткізіліп отырған бұл жаттығуларға Қа­зақ­стан, Ұлыбритания, АҚШ, Литва және Қыр­ғыз Республикасы қарулы күштерінің әскери қызметшілері қатысып жатыр. 14 тамыздан бастап көп ұлтты күштердің әскери контингенті шарт­ты қақтығыс аймағында бітімгершілік операцияларын тәжірибе түрін­де пысықтау үстінде. Бітімгершілік күштері жексенбі күні ертемен белгіленген аумаққа жетіп, өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындауға кірісті.  Олар екі күн бойы жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, гуманитарлық опе­рацияларды да жүргізуде. Жауапты аумақтағы іс-қимылдарды бақы­лауға алып, бекеттерде, жылжымалы патрульде кезекшілік жүргізіп, босқындардың көші-қонын бақылайды. Әскери қызметшілер жарылғыш заттарды залалсыздандырып, заңсыз қаруланған банды құрамының көзін жойды. Жаттығулардың басты тапсырмаларының бірі – бөлімшелердің шоғырлануы және іс-қимылдардың айқындығы, су кедергілерінен өту, әр түрлі жүктерді алып жүру, ең бастысы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операциялар жүргізу. Осы қимылдардың бәрі бүгін, 16 та­мызда қайыра пысықталатын болады. Әскери бақылаушылар мен шет мемлекеттерден келген сарап­шы­лар қазақстандық жауынгерлер өздерінің біліктіктерімен және тәрті­бі­мен ерекшеленетінін айтуда. Бұл жаттығулар бейбітшілікті қолдау операцияларындағы «Қаз­бриг­тің» жедел қимыл жасаудағы жетістігі мен қазақстандық бітімгерлік бөлімшенің көп ұлтты құрамда тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру болып табылады. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері. –––––––––––––––– Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.