Елімізде қолға алынып отырған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2011 жылдың 1 шілдесінен 2012 жылға дейінгі қанатқақты жобасының басты бағыты өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды оқыту және оларға әрі қарай өз бетінше еңбекпен айналысуға жәрдемдесу.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру жолында Ақсу қаласы әкімінің қаулысымен қалалық жұмыспен қамту бөлімі ашылған болатын.
Бүгінгі таңда аталмыш бөлімнің қызметкерлері халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша біршама істерді қолға алуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясындағы екінші бағыт кәсіпкерлікті ынталандыруға, әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу көзделіп отыр.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Осы аптада өз кәсібін ашуға ниет танытқан 30 шақты адамнан құрылған екі топ үшін арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында олар бизнес-жоспар қалай жасалатыны жөнінде мағлұмат алып, соңында оны өзінің таңдап алған кәсібі бойынша қорғайтын болады. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар жеке кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша дәріс алатын болады. Қорғап қалған жағдайда өз кәсібін ашуға ниет білдірген адамдар несие алуға құқылы болады. Бұл бағыттың бір ерекшелігі, өз кәсібімді ашып, дамытамын деушілерге ең төменгі үстеме мөлшерінде несие берілетігінде болып тұр. Несие 5 жылға 3 миллион теңге көлемінде беріледі.
Сәбира САҒЫНАЙ.
Ақсу қаласы, Павлодар облысы.